Байзақтағы жарылыс кезінде жарақат алған офицер күдіктіге айналып шыға келді HD

11.08.2022
Жамбыл облысындағы жарылыс болған әскери бөлімнің командирі 15 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Куәгерден күдіктіге айналдым деген Аслан Бақытжанов тағылған айыппен келіспейді. Айтуынша тергеушілер қалайда кінәлі қылып шығарғысы келеді. Жазығым тірі қалғаным ба деген ол қылмыстық істің әділ өтуі тілейді. 17 адамның өмірі қиылып, 100 ден астам азамат жараланған жарылыста жарақат алған Аслан да ауруханаға жеткізілген. Бет-жүзін жалын шарпыған мына бейне соның айғағы. Әу баста жапа шегуші, кейін куәгер болған ол шілде айында күдіктіге айналған. Өз ісіне салғырттық танытқан және қару-жарақ құралдарын дұрыс пайдаланбау баптары тағылған. Бұл жаптым жала, жақтым күйенің нақ өзі деген Аслан тірі қалғаныма жазықтымын ба дейді. Өйткені жарылысқа дейін болған әскери бөлімдегі жағдайды айтып күн бұрын керек жеріне хат та жолдапты. АСЛАН БАҚЫТЖАНОВ 38/349 әскери бөлімі командирінің міндетін атқарған бұрынғы әскери – Мен ол әскери бөлімде отырып түк істемесем, проблемаларды біле отырып ешқайда жазбасам, көрмесем онда болады кінәлауға. Мен оның бәрін жарылысқа дейін алдын ала жазып отырдық. Болмағаннан кейін әскери прокуратураға дейін жаздық. Неге соның бәрі орындалмайды. Аслан әскери бөлімдегі бар кемшілікті жіпке тізгендей 6 айда 8 хат жолдаған. Штаттық құрамды көбейту, техникалық күзет құралы, яғни бейнебақылау мен дабыл жүйесінің істен шыққанын айтып дабыл қақтым дейді. Бірақ басшылар мәселеге мән бермегенін айтады. Соның салдарынан қару қоймасында түтін шыққаны туралы хабарлайтын дабыл қосылмай қалғанға ұқсайды. Енді осы былықтың бәрін өзіне итеріп жатқанын айтады. АСЛАН БАҚЫТЖАНОВ, 38/349 әскери бөлімі командирінің міндетін атқарған бұрынғы әскери: – Осы жарылыстан тірі қалғаныма кінәлімін ба мен енді? 10-15 жыл жазықсыз түрмеде отыруға келіспеймін мен. Куәгер кезінде болған жайды соқырға таяқ ұстатқандай бұлжытпай айттым дейді. Айтуынша қоймадағы қопарылысты екі сарбаз қолдан ұйымдастырған. Қазір оларға қатысты тергеу әлі жүруде. Басында күдікті деген 30-ға жуық адамнан қазір алтауы ғана қалған дейді Аслан. Оның екеуі сарбаз, қалғаны өрт сөндіруге келген төтеншеліктер екен сөзінше. Ал Аслан Бақытжанов айтқан бұл дәйектерге қатысты әскери прокуратураға жақын күндері жауап береміз деді. Мәселе болашақта біздің тілшілердің назарда болмақ. Нұрадин Рақай, Дәулетбай Нұрмахан Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #Байзақ #жарылыс #тергеу

Похожие видео

Показать еще