Елдос Сметов ауруханаға түсіп қалды

29.08.2018
Азиадада алтын алады деп ел үміт артқан Елдос Сметов ауруханаға түсіп қалды. Олимпиаданың күміс жүлдегері жарыс жолындағы 2-ші белдесуінде жарақат алған. Ал, Галбадрах Отгонцэцэг пен Елдос Жұмақанов 3-ші орын үшін таласта қарсыластарын таза жеңіп, қола медаль иеленді. Велотректен Артем Захаров та қола жүлдегер атанды. Сонымен Қазақстан құрамасының еншісінде 49 медаль бар. 7 алтын, 9 күміс, ал қалған 33-і қола. Әзірге командалық есепте 12-ші орында тұрмыз.

Похожие видео

Показать еще