Күдіктілер ұсталды

28.10.2022
Ақтөбеде екі ер адамды қинап өлтіріп, мәйітін өзен жағасына тастап қашты деп күдікке ілінгендердің барлығы ұсталды. Аса ауыр қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін 10 азамат қазір тергеліп жатыр. Олардың бесеуі марқұмдар соңғы рет барған түнгі клубтың күзетшілері екен. Күдіктілердің қатігез әрекеттері қаладағы "Миллионер" түнгі клубының бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жазбадағы көріністен екі жігітті бір топ адамның аяусыз ұрып жатқанын көруге болады. Алдымен екі азаматты соққыға жыққан олар кейін жабылып тепкінің астына алған. Тіпті бұзақылардың жігіттерге пышақ сұғып, екеуін де таяқпен өлімше етіп сабағаны да бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Кейін марқұмдардың денесін клубтан сүйреп шығарған. Еске сала кетсек, 27 және 31 жастағы азаматтардың денесі 26 қазан күні өзен жағасынан табылған болатын. Қазір аталған фактіге қатысты қылмыстық кодекстің 99-бабы, яғни "адам өлтіру" дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. НҰРБОЛАТ СҰЛТАНОВ, Ақтөбе облысы Полиция департаменті тергеу басқарамасы бастығының орынбасары: — Полиция қызметкерлері Ақтөбеде екі азаматты өлтірді деген күдікке ілінгендердің барлығын анықтады. Бұған дейін асау ауыр қылмыс жасады деген үш күдіктіні ұстаған болатын. Облыс орталығынан 400 шақырым жердегі елдімекеннен тағы 6 күдікті ұсталды. . . . . Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #Информбюро #Ақиқатын_Айтайық #ИнформбюроЖаңалықтары #БүгінгіЖаңалықтар #БастыЖаңалықтар

Похожие видео

Показать еще