Атырау облысының Миялы ауылында «адам өлтіруге оқталды» деген күдікпен жергілікті азамат ұсталды

29.03.2018
Атырау облысы Қызылқоға ауданының орталығы Миялы ауылында «адам өлтіруге оқталды» деген күдікпен жергілікті азамат ұсталды. Тергеу дерегі бойынша карта ойнаған төрт жігіттің арасында жанжал туындаған. Ашуға ерік берген күдікті үйіндегі оқталған аңшы мылтығын алып, есептеспек болған. Екі рет оқ атқан. Ақыры бір адам жарақат алып, аудандық ауруханаға түсті.

Похожие видео

Показать еще