Шағын көлшіктегі шабақтарды құтқарудың жалғыз ғана жолы бар HD

16.08.2015
Атырау облысында балық құтқару шаралары жалғасуда. Табиғат жанашырлары көктемгі су тасқыны кезінде Жайық өзенінің арнасынан бөлініп шыққан көлшіктердегі шабақтарды қолмен аулап, өзенге жіберіп жатыр. Өйткені қайраңда мыңдаған майда шабақтар қалып қойған. Ал оларды сақтап қалудың бірден-бір жолы осы. Алайда негізгі арнадан тыс жатқан көлшіктер күннің ыстығына байланысты бірінен соң бірі тартылып қалып жатыр. Шағын көлшіктердегі оттегі құрамы тамыз-қыркүйек айларында мүлде азая түспек. Сондықтан мұндағы шабақтарды құтқарудың жалғыз жолы қолмен тасымалдап, өзенге жіберу. Әйтпесе майда балықтар түгелімен қырылып қалу қаупі бар. Биыл бұл міндетті жергілікті табиғат пайдаланушылар атқарып жатыр. Азамат Әбиғалиев, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау инспекциясының өкілі: -Биыл «Жемчужина» және «Жамбыл» мекемелерімен бірлесіп, осында келіп, 1,5 млн-ның үстінде шабақтарды құтқардық. Жайық өзеніне жіберілді. Әлде де іс-шара жылдың аяғына дейін өтеді. Жергілікті өндірістік кооперативтер балықты көбейту үшін алдымен оны өсіру, осындай табиғи жағдайлардан құтқару қажет екендігін жақсы түсінеді. Бірақ заң бойынша мамандар су құрамын арнайы зерттеуден өткізіп, ондағы оттегі құрамының төмен екендігін дәлелдеген соң ғана рұқсат беріледі. Ал арнайы сараптамалар қорытындысы дайын болғанша, біраз шабақ қырылып қалуы да мүмкін. Руслан Исмағұлов, «Жамбыл» өндірістік кооперативінің төрағасы: -Себебі енді бұл су биылғы уақытта Жайыққа енді қосылмайды. Оның ішіндегі балықтар түгелдей қырылады деген сөз. Сондықтан да бізге заң қайшы келіп тұр. Себебі маусым айынан бастап бізге көлдегі балықтарды аулауға және уақ шабақтарды құтқаруға рұқсат берілсе, біз аулап, сол жергілікті адамдарды жұмысқа тартып, жұмыспен қамтып және үкіметке биоресурстар үшін көптеген налог төлер едік. Биыл Махамбет және Индер аудандары бойынша Жайық өзенінен бөлініп қалған 41 су айдыны бар екен. Олардың барлығы мамандардың жіті қадағалауында болғанымен ауа райы көлшіктерді жылдағыдан ерте құрғатып барады. Әзірге дейін 1,5 млн дана шаба құтқарылған. Бүгінгі игі істің нәтижесін алдағы екі-үш жылда-ақ көруге болады. Себебі болашақта бұл шабақтардан млн-даған балық өсіп шығары сөзсіз. Авторлары: Бекен Әлирахым, Темірлан Сұлтанғазиев

Похожие видео

Показать еще