Алтын алқалы батыр ана жеті баласымен қорадай уйде тұрып келеді

09.01.2014
Қарағандыда алтын алқалы батыр ана жеті баласымен қорадай уйде тұрып келеді. Он тоғыз жыл бұрын Моңғолиядан көшіп келген оралман отбасы, жергілікті билік берген қара баспананың түрлі машақаттарын көріп отыр. Жаңа баспанаға кезекке тұрмаққа тиісті органдарға сән мәрте барған. Бірақ өзге тілді түсінбегендіктен, сан мәрте кері қайтып, кезекке де ілікпепті. Батыр ана Қырғауыл Аманжол адам тұрарлықсыздай осы үйде тұрып жатыр бүгінде. Бұл үйдің не суы, не жылуы жоқ. Ал әкімдіктегілер бұл үйді осы отбасыға канағат етіп кеткен. ДИАНА САПАРҚЫЗЫ, тілші: Біздер 2001 жылдан бастап осында көшіп келгелі әкімшілік осы уйді көріп берді. Берген уйлері осы. Ал жаңа үйден ешқандай хабар жоқ. Беру керек қой көп баласы барларға. Басқа кісілер алып жатыр дегенді естідік. Бірақ бізге ешқандай уй бермейді. ҚЫРҒАУЫЛ АМАНЖОЛ, батыр ана: Қаңыраған жылуы жоқ уйде су да жоқ. Жеті баланың анасы уйден бір шақырым жерден ауыз су тасиды. Бұл аздай отбасы, коммуналдық төлемге 140 мың берешек болып қалған. Табысы жоқ әулет үшін қызмет үшін қарыз жұғылған жұдырық болыпты. Енді мынау су жоқ. Өзіңіз түсініңіз өмірде сусыз тірішілік етпейміз ғой. Қазір әжетханада су жоқ. Отырмыз. Енді Анау жақтан тәшкемен су алып келеміз Отыз градус аяздарда су тасып жүрдік. КҮНТОЛҚЫН АМАНЖОЛ, батыр ана: 2011 жылы, 39 жастағы Қырғауыл батыр ана алқасын алды. Бірақ қошеметпен берген алқаның керегі де болмады дейді. Өйткені, барлық батыр аналарға жасалып жатқан жағдайдан жеті баланың анасы құр қалып отыр. Балаларының үлкені он алтыда, кенжелері төрт жаста. Бүлдіршіндері сабаққа барғанда қатты қиналады. Себебі елдің балаларындай дұрыс киімдері жоқ. Ең қиыны, судың жоқтығынан тазалыққа қараудан қалдық деп налып отыр.

Похожие видео

Показать еще