Алтын Емел ұлттық табиғи паркі. HD
Жер көлемі үлкен керемет мемлекетіміздің азаматы бола тұрып, осындай тамаша табиғаттың қай нүктесінде болмадым деген ой келеді екен. Еліміздің ұлан ғайыр даласы ескерткіштер мен қорықтарға өте бай. Сондықтан саяхатты сүйер кез-келген жанға жаңа құпиялар ашыла түседі. Бүгінгі бағдарламамызда біз Қазақстанның тамаша өңірі, ірі өзен суының жағасындағы көрікті де керемет жерлермен таныстыратын боламыз. Тянь-Шянь мұздығынан бастау алатын Іле өзені Күнгес пен Текес өзенінің сағалары қосылып, тау-тасты жара екі мемлекетті басып өтеді. Өзеннің ең биік нүктесі Қытай еліндегі Агиаз аңғары биіктігі 6350 метр. 20-шы ғасырдың басында-ақ, батыс Қытайдан бағыт алған өзен суында тіршілік қайнап жататын. Бүгіндері тек Іле өзенінің Балқаш көліне құяр тұсына дейін туризмді сүйушілер үшін таптырмас жүзу жолына айналған. Өзеннің оң жағынан шатқалдарымен танымал Шарын өзені ағып құяды. Шарын өзенінің құяр тұсына жақын маңда танымал Айқайқұм жатыр. Ал, Қапшағай су қоймасынан сәл төмендеу тасқа өрмелеушілер арасында кеңінен танылған Тамғалы Тас аңғары бар. Іле өзенінің оң жақ жағалауында Қапшағай су қоймасынан жоғаылау Алтын Емел ұлттық табиғи саябағыыы орналасқан. Мұнда, құландар мен Прежевалдық жылқыларды өсіреді.
Похожие видео
Показать еще