Шаштарына шолпы тағатын қыздар қатары артып келеді
Ақтөбелік зергер Болат Атыраубаев ұлттық өнерді қайта жаңғыртуды қолға алған. Шебер XVIII-XIX ғасырларда жасалған бұйымдарды зерттейді. «Технология дамып, құрал-саймандардың мүмкіндігі артқанына қарамастан, өткен ғасырлардағы зергерлердің туындыларын сол қалпында қайталау оңайға соқпайды», – дейді шебердің өзі. Көздің жауын алатын сәндік бұйымдарға сұраныс та бар. Өңірде қыз-келіншектерден құрылған «Шолпы» клубы да зергердің қолынан шыққан бұйымдарды тағып, ұлттық нақыштағы дүниелерге сән беріп жүр. Өңірге танымал Болат Атыраубаев кезекті тапсырысқа шұғыл кіріскен. Шебер соңғы кездері ұлттық нақышта жасалған бұйымдарға сұраныс көп дейді. Әсіресе қыздар арасында шаштарына шолпы тағатындар қатары өсіп келеді. Күміске зерде салып, табиғи тастармен безендірілген өнер туындысы көптің көңілінен шығып отыр. Подписывайтесь на «Хабар 24»: https://www.youtube.com/c/tv24kz Наш сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/ Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/ Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24
Похожие видео
Показать еще