Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ туралы фильм

02.06.2012
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1996 жылғы 23 мамырдағы бастамасымен құрылды. Бүгінгі таңда ЕҰУ -- еуразияшыл ойдың нақты көрінісі, мемлекеттік басқару мен халықаралық қатынастар, экономика және саясат, білім мен ғылым, мәдениет пен өнер салалары бойынша мамандандырылған элитарлы кадрларды дайындаудың болашақтағы университеті. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессор-оқытушылардың кәсіби деңгейі жоғары, елімізге қажетті жылына мыңдаған сапал әрі білікті мамандар даярлайтын жетекші оқу ордасы. Халықаралық зерттеулер рейтингісіне қатысқан Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Орталық Азия аймағы бойынша бірініші болып әлемдегі озық 500 университеттердің қатарынан көріне білді. Соңғы жылдар ішінде университет өз құрылымын жаңартып келеді. Қазіргі таңда ЕҰУ-де 12 бейінді факультет жұмыс істейді. Қазір оның құрамында бакалавриатта - 61 мамандық, магистратурада - 64 мамандық, Ph.D докторантураcында - 29 мамандық бойынша мамандар даярлануда. Сонымен қатар университетте екі әскери-оқу мамандығы бойынша запастағы офицерлерді дайындайтын әскери кафедра жұмыс істеуде. Университет құрамында жалпы саны 25 ғылыми мекемені құрайтын түрлі ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, зертханалар бар. Бүгінде ЕҰУ - біліктілігі жоғары оқытушылар мен әлемнің жетекші ғалымдарынан, Нобель сыйлығының лауреаттарынан білім алу мүмкіндігі бар 12 мың Қазақстанның, алыс және жақын шетелдердің дарынды студенттерін біріктіреді.

Похожие видео

Показать еще