Мәуліт мерекесі "Естай атындағы мәдениет сарайы" Павлодар 2015

24.08.2015
محمد صلى الله عليه وسلم‏Павлодар қалалық Естай атындағы мәдениет сарайында «Ұлы мінез иесі» тақырыбында Мәуліт мерекесі тойланды.Шара ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Нариман Исеновтың Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өмірін насихаттаудың мәні мен мазмұны туралы айтқан жүрекжарды құттықтау сөзінен басталды. Кейін Астана қалалық жастар театрының әншісі Бейбіт Құшқалиев «Қош келдің, Расулаллаһ», «Аллаға мадақ» әндері шырқап көрерменді бір серпілтті.Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің 40 шәкірті барша жаратылыстың мән-мағынасын үйретіп, өмірлік мақсат пен міндеттеріміздің бағытын көрсеткен ұлы ұстаз Мұхаммедке (с.ғ.с) деген салауатты оның (с.ғ.с) мүбәрак хадистерімен қоса өріп, иләһи әуендермен орындады. Сонымен қатар елімізге танымал «Серілер» тобының әншілері «Бір көш кетіп барады», «Қазақтың қара баласы» әндерін жиылған қауымға сыйға тартса, Ақгүл Жарылқасын «Уақыттың қадірі» монологымен, айтыскер ақын Еркебұлан Қайназарұлы өзінің «Не жақсы, не жаман» термесімен кеш көрігін қыздыра түсті.Кеш Астана жастар театры әртістерінің ойнаған «Дерт пен дауа» сахналық қойылымымен қатар Алла Елшісінің (с.ғ.с) ғибратты өмір жолы туралы арнайы жасалған «Өнегелі өмір» бейне ролигімен жалғасын тапты.Шара айтыскер ақындар Рауан Қайдаров мен Данияр Алдабергеновтың имани тағылымымен тәлімдеріне тола айтысымен шарықтау шегіне жетті.pavlodarnews.kz

Похожие видео

Показать еще