"Сәлем, Елорда!" | Павлодар облысы | #11 HD
Ертіс-Баян өңірі дала данышпандары мен ұлы ғұламалар аймағы екені бар қазаққа мәлім. Ерке Ертістің кешегі Естай мен Майра, Жаяу Мұса мен Иманжүсіптердің шырқалған әндері, Рүстембек Омаровтың күйі үндескен өңірдің өнер ізін жалғайтын дарындыларын бұқараға таныстыру мақсатында «Сәлем, Елорда» І республикалық фестивалінің кезекті шығарылымында тағы да жүздесіп отырмыз. Павлодар өңірі өзінің атақты жерлестерін мақтан тұтады. Олардың қатарында Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Бұқар жырау, Жаяу Мұса, Иманжүсіп Құтпанұлы, Естай, Майра, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, Шапық Шокин, Григорий Потанин, Жүсіпбек Аймауытов, Иса Байзақов, Сәбит Дөнетаев, Павел Васильев, Мұзафар Әлімбаев және тағы да көптеген ұлы тұлға бар. Павлодар облысы биыл республикалық маңызды мерейтойлармен қатар Иса Байзақовтың 120, Жаяу Мұса Байжанұлының 185 жылдық атаулы күндерін ерекше құрметпен атап өтіп жатыр. Осынау құндылықтарымызды түгендеу, бабалар жолын жаңғыртып, оларға тағзым ету, құрмет көрсету бүгінгі ұрпақтың басты парызы, ертеңге үлгі ретінде ұсынар ізгі амалы. Ерке Ертістің ән қанатын жалғаған, ұлы өнер ордасы Иса Байзақов атындағы Павлодар облысы филармониясының «Сәлем, Елорда!» І республикалық телевизиялық фестиваліне арналған онлайн концертін ұсынамыз!
Похожие видео
Показать еще