Елордаңды емес, шекараңды шегеле! HD

27.12.2020
Жерсіз ұлт —қанатсыз құс. Ата-бабамыз қанымен қорғаған жерді ешкім, еш уақытта меншіктеп алмауы керек. Ол осы ҚАЗАҚ деген халықтың еншісі. Ресей шенділерінің айтқанына қатты ашуландық. Бұл ақылға симайтын сөз. Тарих әділ баға бермейтін сөз. Түркиядан соққы алып, Ақ орыстардың толассыз толқуынан тоқырап, Украинаның өз бетінше саясатынан секем алған елдің шарасыздарының сөзі. Біз әлі де кереметпіз. Қазаққа жерді біз бергенбіз деген өзін жалғандықпен жұбату сөзі. Бұл сөздің ақиқат еместігін адамзат біледі. ⠀ Ал бізге келсек... ⠀ Шекарамыздың жағдайы қандай? Оған мемлекет қандай жобалар жасап, іргемізді қазақыландырып жатыр? Осы сұрақтың жауабын айту өте қиын. Білеміз. Бірақ айтуға ауыз бармайды. Жүрегің ауырады. ⠀ Қазақ елінің болашағы жарқын болуы үшін шекарамыздың халқы жарқын болуы керек. ⠀ ⠀ #айтыс_маса #саяшақын ­ Айтысты нәсихаттауға арналған парақшаға тіркелейік @aitys_masa ✊✔️ @aitys_masa ✊✔️ @aitus_masa ✊✔️ ­ Достарыңызға бөлісіңіз ✔️✊

Похожие видео

Показать еще