30 жылдан астам кредит төлемей жүрген бизнесмендердің кредиті кешірілмек HD
Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың несиесін жабуға келгенде мың құбылатын біздің Үкімет, заңды тұлғалардың кредитін кешірмек. Қаржы министрлігі «Бюджет кодексіне» өзгеріс енгізіп, сонау 90-шы жылдары мемлекет тарапынан тікелей бизнеске берілген берешектерді кешіру мәселесін қарастырып жатыр. Яғни, 30 жылдан астам кредит төлемей жүрген кәсіпорын иелері табылмаса, онда оның қарызы жойылады. Қазір мұндай несие сомасы шамамен 120 миллиард теңге. Ал, кейбір экономистер қаржы министрлігінің бұл ұсынысына қарсы. Мамандар бюджеттік кредитті қалай да өндіру керек деген пікірде. Қаржы министрлігі кредиттер кешіріледі деп жар салғанымен, бұл өзгерістер жеке емес, заңды тұлғаларға ғана қатысты. Енді «Бюджеттік кодексте» "Өндіріп алуға үмітсіз берешек" деген ұғым пайда болмақ. Яғни, 1990-шы жылдары мемлекеттен тікелей кредит алған кәсіпкерлердің қарызын кешіру көзделген. Кезінде жергілікті әкімдіктер пен үкімет гарант болып, бюджеттен берілген несие иелерін бүгінде табу оңай емес екен. Себебі, 90-шы жылдары көп кәсіпорындардың «бизнесті сәйкестендіру нөмірлері» жоқ болған. Мұндай кредиттің көлемі қазір шамамен 120 миллиард теңгені құрайды. Қаржы министрлігі жыл сайын есеп бергенде бұл берешектер статистикаға кедергі келтіреді дейді. Сондықтан, осындай өзгеріс енгізбек. ДАРХАН БИНИЯЗОВ, ҚР Қаржы министрлігі бюджеттік кредиттеу департаменті директорының орынбасары: — Үкіметтің өзі есеп береді ғой жыл сайын.Ё Сол есепте тұрады да бізде. Кредитный портфель дейді ғой. Сонда тұрады да. Мысалы, кредиттік портфель 10 мың теңге болса, ол мысалы 7 мыңы осы қарыз алушылар болып қалады. Мысалы портфель миллиард болса, олар 2 миллиард деген сияқты. Оның керегі не бізге? Маманның сөзінше, қайтарылмаған бюджеттік кредиттердің иесін табу жұмысы әділет министрлігі мен азаматтарға арналған үкімет корпорациясымен бірігіп жүзеге асырылып жатыр. Ал, экономист Бейсенбек Зиябеков, 90-шы жылдары біздің Үкімет зейнетақыны уақытылы төлей алмай отырған кезде, мұндай қомақты қаржының несие ретінде берілгеніне таң қалады. Экономист қаржы жүйесіне ревизия жүргізу керек дейді. БЕЙСЕНБЕК ЗИЯБЕКОВ, экономист: — Тарихта, мемлекеттерде әрине өмір болған соң кездеседі. Списать ету. Бірақ ол заңды тұлғаға емес, жетім-жесір, көп балалы ана, әйтпесе ауылда істейтін ағайынға жағдайына байланысты мүмкін осындай жағдай кездеседі. Осы мәселе бойынша үлкен ревизия жасау керек. Несиені, қаржыны бюджет бермеу керек. Банк саласы беру керек. Экономист, қарыз алып, төлемей жүрген бизнес иелерін қалай да тауып, несиесін төлеуге міндеттеу керек деген ойда. Сонымен қатар, қаржы саласы мен банк жүйесін қайта қарау керек дейді маман. Айта кетейін, «Бюджеттік кодекске» енгізілетін өзгерістер қазір қоғам талқылауына шығарылған. Екі айдан кейін құжат мәжіліске ұсынылады. . . . . Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informbu