МӘТІНДІК ЕСЕПТЕР | ҰБТ - 2021 HD

07.02.2021
Курсқа жазылу үшін сілмені басыңыз: WhatsApp - https://wa.me/77083954766​ Telegram: https://t.me/matem_GO​ Инст - https://www.instagram.com/matemgo/ - - - - - 00:00 - Мәтіндік есептер 00:14 - Сымның қиылып алынған бөлігінің ұзындығын анықтаңыз. 02:13 - Айнұрдың алғашқыда қанша маркасы болғанын табыңыз. 04:40 - Лаура барлығы қанша кітап түптеу керек еді? 08:54 - Турист неше сағатта 3450 м биіктікке көтерілді? 13:39 - Бірінші жаяу адам кездескенге дейін неше км жол жүрген? _ Мен - Сағидолла Аблайұлы ⠀ ✨2013-2017 Ы. АЛТЫНСАРИН атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты математика пәні мұғалімі бакалавры‍ ⠀ ✨2018-2020 Л. Н. ГУМИЛЕВ атындағы Еуразия ұлттық университеті педагогика ғылымдарының магистрі‍ ✨ҰБТ математикалық сауаттылық есептер шығаруда 5 жыл стажы бар мұғалім. - - - - - Ұзындығы 63 м сымның бірнеше метрі қиылып алынды. Сымның қиылып алынған бөлігі, оның қалған бөлігінің жартысынан 3 есе кем. Сымның қиылып алынған бөлігінің ұзындығын анықтаңыз. A) 51. B) 54. C) 12. D) 18. E) 9. - - - - - Айнұр әр түрлі елдің маркаларын жинайды. Әр жылда алдыңғы жылға қарағанда 6 маркаға қосылып отырды. 10 жылдан кейін маркалар саны 350 болса, Айнұрдың алғашқыда қанша маркасы болғанын табыңыз. A)7. B) 9. C) 18. D) 8. E) 6.144 - - - - - Лаура мектеп кітапханасында кітап түптеуге көмектесті. Ол бірінші күні түптеуге тиісті кітаптардың жартысын және 3 кітапты түптеді. Лаура екінші күні одан қалған кітаптардың жартысын және 5 кітапты түптегенде, түптелмеген 7 кітап қалды. Лаура барлығы қанша кітап түптеу керек еді? A) 48 B) 66 C) 56 D) 54 E) 68 - - - - - Турист тауға бірінші сағатта 480 м биіктікке шықты, ал келесі әрбір сағат сайын алдыңғы сағаттағыдан 30 м азға көтерілді. Ол неше сағатта 3450 м биіктікке көтерілді? A) 8 сағ. B) 10 сағ. C) 9 сағ. D) 12 сағ. E) 7 сағ. - - - - - Арақашықтығы 59 км екі ауылдан бір-біріне қарама-қарсы екі жаяуадам шықты. Бірінші жаяу адам 2 сағатта 7 км, ал екінші адам 3 сағатта 8 км жол жүреді. Егер екінші жаяу адам бірінші жаяу адамға қарағанда 1 сағат кеш шыққан болса, бірінші жаяу адам кездескенге дейін неше км жол жүрген. (екі жаяу адамның жылдамдықтары тұрақты)? A) 33 км. B) 36 км. C) 34 км. D) 37 км. Е) 35 км.

Похожие видео

Показать еще