"Сәлем, Елорда!" HD

18.12.2020
Ұлы даланың ұлы өнерін телеарнаның тайқазанында сапырып, талғамы биік көрерменге ұсынуды мақсат еткен «СӘЛЕМ, ЕЛОРДА» І Республикалық фестивалінің бүгінгі бағдарламасы теріскей өңірінің солтүстік жолағында орналасқан Қызылжар аймағына арналмақ. Биылғы жыл Солтүстік Қазақстан өңірінің мәдениеті үшін ерекше жыл. Бойына сан түрлі қасиет тұнған, соңында өшпес өнеге, мол мұра қалдырып, елдікті жырлаған Ұлы дала перзенті, әнші-сазгер Үкілі Ыбырайдың 160 жылдығы, қазақ әдебиетінің классигі, академик - жазушы Сәбит Мұқановтың туғанына 120 жыл толып отыр. Биыл облыстық филармонияның 55 жылдық мерейтойына орай қазақ ән өнеріне өлмес олжа салған біртуар тұлға Ақан сері Қорамсаұлының есімі берілді. Қызылжардың өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары алыс-жақын шет елдерді мойындатқан кәнігі мәдениет майталмандары. Ендеше, қызылжарлық өнер шеберлерінің концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар! #kultura #скофилармония #ҚРТәуелсіздіккүні #ДеньНезависимостиРК #культураско #Елімменіңтірегім #16желтоқсан #16декабря

Похожие видео

Показать еще