Елорда жастары республикалық «Киелі табиғат» акциясына атсалысты HD
Еліміздің табиғат жанашырлары мерекелік демалыста экологиялық іс-шараны қолға алды. Республика көлемінде өтіп жатқан «Киелі табиғат» акциясына елорда жастары да атсалысты. Олар Есіл өзенінің жағалауына арша мен шыршаның жас көшеттерін екті. Белсенділерге республикалық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы да да көмек қолын созды. Табиғат жанашырлары игі істі Жеңіс мерекесіне арнады. Әр сенбі сайын өтетін экологиялық акция алдағы уақытта Қазақстанның өзге де аймақтарында жалғасады. Мақсат халықты табиғатқа деген жанашырлыққа баулу. Әрі адамдардың экосанасын ояту. «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: http://bit.ly/31WnObW Біздің сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/ Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/ Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24