Алматыда асқан қатыгездікпен өлтірілген Аяжан Еділованың өліміне қатысты іс сотқа жолданды HD

20.10.2021
Алматыда асқан қатыгездікпен өлтірілген Аяжан Еділованың өліміне қатысты іс сотқа жолданды. Жеті айға жуық тергелген істі қаланың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарайды. Зорлық деректері болғандықтан, сот жабық режимде өтеді. Естеріңізде сала кетсек, Аяжан Еділова көктемде із-түссіз жоғалып кеткен еді. Ал 19 наурызда бойжеткеннің денесінің бір бөлігі күдіктінің пәтерінен, ал қалған бөлігін полицейлер қоқыс жәшіктерінен тапқан. Марқұмның туыстары Аяжан мен күдіктінің бұрын таныс еместігін әрі сот алдында ең қатаң жаза талап ететіндерін мәлімдеген еді. Осы қылмысты жасады деген күдікпен 28 жастағы жігіт ұсталған. Тергеу кезінде оның медициналық білім алғаны анықталды. . . . . Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #информбюро #басты_жаңалықтар #Ақиқатын_Айтайық

Похожие видео

Показать еще