Алматыны шулатқан есірткі саудасы енді басқа аудандарды жайлай бастады HD
Алматы үлкен ойын алаңына айналып бара жатқан сыңайлы. Бала күніміздегі жасырынбақ ойыны естеріңізде шығар. Тура соған ұқсайды. Бірақ бұл ересектерге арналған ойында есірткіге ұқсас зат жасырылады. Іздегендер сол ұнтақты жер шұқып жүріп табуы керек. Ал із кесушілер полицейлер емес, қарапайым халық. Осыдан бір апта бұрын Томирис шағын ауданында ұнтақ іздегендер, енді көршілес Көкқайнарға көшіпті. Тұрғындардың айтуынша олар түнде келіп, темір бағаналардың астын қазады. Қолдарында суық қару, өткір пышақ ұстайды. Енді әбден тынышы қашқан халық дәл осы есірткі сатушылар мен тұтынушыларға қарсы заңды күшейтсін деп талап қойып отыр. Ұнтақ іздеуші күдікті адамдар есімізді алғалы үшінші күн болды дейді жергілікті тұрғындар. Олар көздері қанға толған белгісіздер кейде есігімізге ентелеп келіп, білгенін істейді деп ашулы. Тіпті кейбірінің қаруы, аңшы пышағы барын да көрдік деп қорқып отыр. Сөйтіп Көкқайнарлықтардың бүгін төзімі таусылып, өздері жалаң қолмен күдіктілерді ұстауға кірісіпті. АЙТОЛҚЫН АЙТУАРОВА, тұрғын: – Где ты спрятал? анау-мынау деп нешетүрлі боқауыз сөздерді айтып жатыр. Кеше бес адам бағана азанда, еще мынау төрт адам тоғыз почти он адамдар болып тұр. Мұндағы жұртты алаңдатқан тағы бір мәселе, есірткі сатушы мен алушыларға заң күшейсе деп отыр. Өйткені өздеріне қарсы заңның әлсіз екенін пайдаланған күдіктілер бір барған жерге қайта қорықпай келе береді екен. ҚАДІР СӘМЕТБЕК, Көкқайнар ауданы тұрғыны: – Халықтың сөзін сөйлеп, митингіге шыққан әпеке-қарындастарымызды жиырма күнге, он бес күнге, бір айға қамап тастайды. Ал мыналарды апарады екен да төрт ақ сағатқа қамап, төрт ақ сағатта бірдеңелерін алып, сосын жібереді екен. ӘЛІБЕК ШЫНТЕМІР, тілші: – Тұрғындардың сөзінше әлгі белгісіздер осындай темір бағаналардың түбін қазғыштап жүреді дейді. Өйткені сатушы сондай орындарды нөмірмен белгілеп тығып қояды деп отыр. Ал кешелі бері ұсталған 10 күдіктіден де есірткіге ұқсас ұнтақ табылып Алатау аудандық полиция бөлімшесіне жеткізіліпті. ДӘУРЕН НҰРМҰХАМЕДҰЛЫ, Алатау ауданы Полиция майоры, анықтау бөлімі бастығы: – Енді осы ауылдың тұрғындары және біздің учаскелік полиция инспекторлері есірткі заттарын тұтынатын және іздеп табатын тұлғаларды ұстап алған. ТАЛҒАТ АЙТҚАЛИҰЛЫ, Алатау ауданы Полиция Подполковнигі: – Халықпен бірге осы болып қалған жағдайда шешу нәтиежесінде күндіз-түні наряд қойып, усилить етіп, осы мәселені шешеміз. Ал өткен аптада ғана осыған ұқсас іспен Томиристе 92 адам ұсталып, Полиция оның ішінде 34 адамды жауапқа тарттық деген болатын. Бірақ содан бері әлгі ұсталғандар туралы да, тексеруге алған ұнтақ жайлы да полиция қосымша ақпарат бермеді. Әлібек Шынтемір, Ринат Абулхайров Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #есі
Похожие видео
Показать еще