Шымкенттің бір топ тұрғыны қаланың ең үлкен көпірлерінің бірін жауып тастады
Шымкенттің бір топ тұрғыны қаланың ең үлкен көпірлерінің бірін жауып тастады. Полиция өкілдері мен прокуратураға деген наразылықтарын олай осындай шара арқылы байқатып отыр. Айтуларынша, олардың қазір тергеуде жатқан туыстары миллиондаған қаржы ұрлады деген жалған жала бойынша қамалған. Күдіктілер ретінде ұсталған олардың кінәсін дәлелдейтін айғақ жоқ болса да, қамау мерзімі күннен күнге ұзарып барады дейді олар. Наразылыққа шыққандарға бірден құзырлы органдар басу айтты.
Похожие видео
Показать еще