АЛҚАШ БОЛЫП ШЫҚТЫ! HD
Бәріңізге Ассалаумағалейкум Путинді қандай өлім күтіп тұр?! Тарих қайталануда. Ежовты атып тастаған Бериядай, Хрущевты қуып жіберген Брежневтей Путинге кім қастандық жасамақ?! Шовинист Ресей туралы не дейміз? Молдовия мен Шешенстанға соғыс ашқан қос президент туралы естіппе едіңіз? Бұл туралы сұмдық ақпараттарды сізге Білген дұрыс ҚЫСҚАША ТАРИХИ ЭКСКУРС Совет одағын аңсаушы мақтабас досым! Совет одағын құрған Ленин екенін білесің. Бүкіл халық "Ленин біздің атамыз" деп ұрандады. Плакаттар, Лениннің бас мүсіні, қызыл ту... Бірақ Ленин өле салысымен, жолдас Троицкий (Лениннен кейінгі екінші адам) "сатқын" болып шықты. Каменев, Зиновьев, Бухарин мен Сталиндер Троцкийді орнына тайдырып СССР-ден қуып жіберді. Бірақ, бірнеше жылдан кейін Каменев, Зиновьев пен Бухариндерде "халық жауы", "зиянкестер" екені анықталды. Сол кезде "даңқты" Генрих Ягода оларды ату жазасына кесті. Көп ұзамай Ягоданы "жаудың тыңшысы" деген айыппен төвәріщ Ежов атып тастады. Бірақ көп ұзамай Ежов бізге "төвәріщ" емес қарапайым халық жауы екенін естідік. Сондықтан Ежовты Берия атып тастады. Тағы бірнеше жыл өткен соң Сталин өлді. Сол кезде бәрі Берияның да сатқын екенін білді. Осыны түсінген Жуков Берияны орнынан тайдырып ақырында атып өлтірді. Бірақ көп өтпей-ақ таққа отырған Хрущев, Жуковтың "жау агенті хәм заговорщик" екенін анықтап Орал айдатып жіберді. Сталинді ұлықтап жүрген Хрущев бір күні Сталиннің де "жау екенін, зиянкес, сатқын" екенін айтты. Хрущев айтқан соң политбюрода мұны қолдай жөнелді. Осыдан кейін Сталин мүрдесін мавзолейден алып тастады. Сталин қаматқандарды ГУЛАГ-тардан босата бастады. Бірнеше жылдар өтті. Хрущевта сүттен ақ судан таза емес екені анықталды. Ол "волюнтарист, проходимец, авантюрист" болғандығы дәлелденді. Осы сәтті Брежнев ұтымды пайдаланып Хрущевты пенсияға жіберді. Көп ұзамай Брежневте өлді. Ол алжыған, зиянкес, және "застойдың" себепкері деп айыпталды. Бұдан кейін екі алжыған отырды. Есімдерін де ел жаттап үлгерген жоқ, себебі екеуі 1 жылда отырмай өліп қалды. Осы кезде жас, еңбекқор Горбачев келді. "Перестройка" деп жар салды. Америкамен тіресті, санкцияларыңа "қойғаным бар" деді, "біз бәрін жеңеміз" деді. Бірақ көп өтпей...СССР тарап тынды. СССР аңсаушылар Горбочевтың артына әлі күнге дейін қарғыс-лағынетін айтуда. "Американың шпионы" дейді, Горбачев әдейі істеді дейді... СССР келмеске кеткеннен кейін Ельцин келді. Шешенстанмен соғысты, Молдовиямен Соғысты... Ельцинді ел мақтады... Кейін белгілі болғандай ол жәй ғана "алқаш" болған екен. Экономиканы құлдыратып жіберген, инфрақұрылымды жойған, билікті олигархтарға беріп кеткен қысқасы бәріне Ельцин кінәлі болып шықты. Енді түзейтін Ельциннің шәкірті Путин екен. Содан бері Путин билікте отыр. Путин кезінде не өзгерді? Шешенстанмен тағы да соғысты, Грузиямен соғысты, Қазір Украинамен соғысты. Сирияда алавиттерді жақтап шейіт пен сунниттерге жау болып үлгерді. G8-ден қуылды. Достары: Ким Чен Ин, Мадуро сияқты диктаторлар. Экономикасы қай шұңқырда екені ярый ватниктерге де аян.