Зейнет жасын 58-ге төмендетуді талап еткен аналар министрлік алдына жиналды HD

09.09.2022
Зейнет жасын 61-ден 58-ге төмендетуді талап еткен бір топ ана бүгін еңбек министрлігінің алдына жиналды. Басым бөлігі қара жұмыс істейтін әйелдер елуден кейін еңбек етудің қиын екенін айтады. «Бейнетіміздің зейнетін көреміз» деген шақта күннің ыстық-суығына қарамай нәпақа табуға мәжбүрміз дейді. Осыған дейін әйелдердің зейнетке шығу жасын 58-де қалдыру туралы арнайы петиция да жарияланған еді. Әлеуметтік желі арқылы тараған бұл үндеуге бас-аяғы 35 мың әйел қол қойған. Ал, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова пандемия кезінде халықтың, әсіресе әйелдердің денсаулық көрсеткіші төмендеп, өмір сүру ұзақтығының қысқарғанын айтады. Сондықтан Президент Жолдауына сәйкес, 2028 жылға дейін зейнет жасы 61 жас деңгейінде қалады. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

Похожие видео

Показать еще