Заң қайтпай, ел қайтпайды HD
Депутат болып сайланғанда анттың өзін әзер берген мәжілісмендер парламент қабырғасында қаралып жатқан заңдарды қарапайым халыққа түсіндіріп беруге құлықсыз. Осылай деп бүгін нұр-сұлтандық тұрғындар министрліктер үйінің алдына келді. Жиналғандар сайланған депутаттар "заң қабылданарда алдымен елмен ақылдасып алсын" деген талаптарын қойды. Жұрттың сұрағы көп. Ал биліктегілердің еті үйреніп кеткен секілді. Жиналғандар қанша шуласа да министрліктерден де, депутаттардан да ешкім олардың алдына шыққан жоқ. Жиналғандар "депутаттар кез-келген заң жобасын халықпен ашық талқыламаса, орындарынан кетсін" деп талап қойды. Аналар пандемия кезінде салынатын вакцинаға, елімізде жыныс ауыстыруға түбегейлі қарсы. Ал, қазір талқылаудағы "тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобасын" қайта қарасын дейді. МӨЛДІР СӘРСЕНБАЕВА көпбалалы ана: – Парламенттік барлық жұмыс барысы тікелей трансляция арқылы Парламент отырысы мен жұмыс тобының отырыстары барынша ашық және жариялы болуы тиіс. АДИНА ІЛІПОВА, көпбалалы ана: – Бұл жерде мүлдем халыққа түсініксіз етіп жазылған. Халық даже түсінбейді ішінде не жазылып жатқанын. Тұрмыстық-зорлық зомбылыққа қарсы заң жобасы өткен жылдың 23 қыркүйегінде Мәжілісте бірінші қаралымнан өткен соң, қоғамда бірінші болып бірқатар заңгерлер мен адвокаттар "бұл заңды қайта қарап, түзетейік" деп, өз концепцияларын ұсынған еді. Оларға халық ішінен де біраз адам қосылып, "қайта қаралсын" деп талап қойды. Еліміздің әр аймағынан 30 мың адам жазбаша қарсылығын жазып, 6 қаңтарда Президент Әкімшілігіне өткізген. Ал бүгін ол хатты белсенділер Үкімет пен Парламенттің қос палатасына да тапсырды. АЙЖАН МҰСТАФИНА, қоғамдық белсенді: – Там у нас получается идет сравнительная таблица, полностью таблица. Все мы полностю расписали. Очень большой труд наших активистов. Наших юристов и адвокатов. Ал, жаңадан сайланған мәжілісмендердің кейбірі бұл заңды талқылағанда "халықтың пікірін ескереміз" деп сендірді. ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: – Зл заң әлі ешқандай қаралған жоқ. Тек қана жобасы бар. Танысамыз, көреміз. Менің ойымша жалпы аналарды қорғайтын, балаларды қорғайтын заң қажет деп есептеймін. ӘЛИЯ САПАРОВА, ҚР Парламенті Мәжілісініңі депутаты: – Әрбір заң қоғамның, жаңағы ұлттың, халықтың мүддесі үшін жұмыс жасауы керек. Сол себептен әр норма қаралады деп ойлаймыз. АЙБАР ТӨЛЖАНҰЛЫ тілші – "Түзету енгізейік" деп жүрген азаматтар заң жобасындағы ер мен әйелдің тең құқылы болуына, "зорлық-зомбылық" деген түсініктің аясы кеңейгеніне, ата-аналардың өз баласын тәрбиелеуде құқықтарының шектелетініне, 111 нөмірін теріп, шағымданған баланы ата-анасынан бала тәрбиелейтін ұйымдарға алып кетуіне қарсы. Мемлекет басшысының назарына іліккен бұл заң жобасы енді қайта талқылауға жіберілді. Соған қарағанда ел күткендей біраз өзгеріс енуі мүмкін. Айбар Төлжанұлы, Нұркен Тоқмурзин Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.co