Сапасыз киім! Ата-аналар мемлекет беретін тегін мектеп формасын алудан бас тартып отыр HD

03.08.2022
Алматы облысында бір топ ата-ана «Мектепке жол» бағдарламасы аясында берілетін мектеп формасын алудан бас тартып отыр. Өйткені әкімдік үлестіретін киімнің матасы сын көтермейді. Тіпті кейде тегін тиген костюмнің өлшемі келмей, өздері киіп тоздырады екен. Бұл жарлыға жасалған жақсылық емес, тап-таза мазақ қылу деп ашынды аналар. Сондықтан, формаға бөлінген азғантай қаржыны қолымызға берсін деген талап қойып отыр. Ащыбұлақтық аналар мемлекет үлестіретін мектеп формасын алуға үзілді-кесілді қарсы болып отыр. Себебі әкімдік берген киім сапасыз. Күн өтпей тігісі сөгіліп, жыртылып қалады екен. Болмаса, өлшемі келмейді. Яғни, бірінші сынып оқушысына бесінші, ал бесінші сынып оқушысына жасөспірімдерге шақ киім бұйырады. Бірақ оны тексеріп, қайта ауыстырып беретін басшы жоқ дейді ашынған аналар. Сол үшін Үкімет бөлген қаржыны қолға берсін деп талап етті. Айтуларынша, жаңа оқу жылында бір баланы киіндіру үшін кемі 80 мыңдай қаражат керек. Бұл қажетті құрал-жабдық пен сөмкені қоспағанда шығатын шығын. Яғни, костюм-шалбарға 25 мың, жейдеге 7, аяқ киімге 10, спорттық киім мен кроссовкаға 38 мың жұмсайды. Сондықтан әкімдік үлестіретін ақша да шығынның тек жартысын жабады деп отыр. Бірақ көмек ретінде берілген киімнен әлдеқайда сапалысын алуға мүмкіндік болмақ. АЙНҰР АҚПАНБЕКОВА, Ащыбұлақ ауылының тұрғыны: – Алдыңғы жылы алып берген киімдері өте үлкен размер болды. Оны спортивканы өзіміз кидік. Егер анадай жаңағы кішкентай балама форма алып берді оның түтігі шығып, кие алмадық. Сумкалары айырылып жыртылып қалды. Аяқ киімді өте сапасы нашарлар болып келді. АЙША ӘБІЛШАЕВА, Ащыбұлақ ауылының тұрғыны: – Бізге соцпедагогтар звондап жатыр. Формаға. Бала қандай, қай размер киеді деп. Біз қазір айтқанмен, дәлдеп айтқанмен ол киім болмайды. Біз өзіміз базарға барайық. Магазинге барайық, кигізіп көріп, сапасы жақсыны алып бергіміз келеді. Көмекке зәру жандар қажет десе алған ақшаның есебін де тапсыруға дайынбыз, тек қаржыны қолға берсе болғаны деп отыр. Бірақ әкімдік өкілдері биыл да форманы мектеп үлестіруі мүмкін екенін айтты. ҚАЛАМҚАС СӘРСЕНБАЕВА, Іле аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі: – АСП алатын ата-аналардың оқушылары кірген жоқ. Себебі ол жұмыспен қамту орталығы арқылы ол кісілердің жеке шоттарына жіберілген болатын. Биылғы жылы да бұл жұмыстар жеке шотқа біздің бөлімнен жіберілуге мүмкіндік болмағандықтан, бізде конкурс жарияланып отыр. Шенеунік министрлік қаулыға тиісті түзетулер енгізсе, конкурсты тоқтатып, ақшаны аналардың шотына аударуға әзірміз деп ағынан жарылды. Сөзінше, конкурс жауабы 10 тамыз күні белгілі болмақ. Ал «Мектепке жол» бағдарламасы аясында бір балаға 25 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылыпты. Яғни, 18 мың теңгеге мектеп формасы, 7 мыңға кеңсе тауарлары алынады. Ал жалпы Іле ауданы бойынша биыл 6 мыңнан астам балаға 153 миллион 200 мың теңге бөлініпті. Нұрболат Жаңабекұлы, Думан Сүлейменов Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Fac

Похожие видео

Показать еще