Катар мемлекеті Түркияға қаржылық демеу береді

16.08.2018
Катар мемлекеті Түркияның экономикалық ахуалына демеу ретінде қаржы бөледі. Екі елдің президенті кездесіп, Катардың түріктерге 15 миллиард доллар бөлетінің туралы келісім жасады. Сарапшылар "бұл Түркияны қаржылық дағдарыстан құтқарады", дегенді алға тартады. Соңғы 10 күн ішінде Түркияның экономикасы қиын жағдайды бастан кешірді. Мамандардың айтуынша, жыл басынан бері ұлттық валютаның құны 40 пайызға төмендеген. Мәселенің ушығуына ресми Анкара мен Вашингтон қарым-қатынасының нашарлауы себеп. Айта кету керек, 10 тамызда АҚШ тарапы Түркияға алюминий мен болатқа баж салығын 20 пайыздан 50 пайызға көтерді. Дәл сол күні Режеп Тайып Ердоған доллардан бас тартып әрі АҚШ-тан электронды тауарлар сатып алмауға бекінді. Құрама Штаттардан әкелінетін кейбір тауарларға салынатын баж салығы да қымбаттады. Подписывайтесь на «Хабар 24»: https://www.youtube.com/c/tv24kz Наш сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/ Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/ Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24

Похожие видео

Показать еще