Жүктіліктің 24 аптасы: сезімдер, белгілер, кеңестер [Аналар әлемі]

01.02.2019
Жүктіліктің әр аптасында сіздің балаңыз күн өткен сайын өсіп, салмақ қосып келеді. 24- аптада баланың ұзындығы 33-см-ге, ал салмағы 530 граммға жуықтап қалды. Осы өлшемде ол тұтастай жатырды толтырып, тіпті оған жатыр іші тарлық етеді. Сол себепті баланың тепкісі мен қозғалысын анасы қатты сезетін болады. Аталған мерзімде баланың тыныс алу жүйелері әбден жетіледі. Енді бала оттегін өкпеден қанға «сырғыта» алады. 24-аптада ерекше сурфакант бөлінеді, оны альвеол бөліп шығарады. Міне осының бөлінуінен жұқа қабырғалы ауасы бар қапшық жабысып қалмайды, ауамен келген инфекция жойылады. Сурфаканттың қалыптасуынан бала өз бетінше тыныс алып, сондай-ақ ана құрсағынан тыс та өмір сүре алады. Міне, осыдан кейін аталған зат қалыптасқаннан кейін, яғни енді бала өздігінен тыныс алатын жағдайға жетті, әрі қарай өмір сүруге негіз бар, дені сау болып, саналы бала болатыны айқын, сондықтан ол айы-күні жетпей туып қалуы мүмкін. Аталған уақытта баланың бет- пішіні қалыптасады, туғаннан кейінгі бет-пішіні де осындай болады. Толықтай бет-пішіні қалыптасуында мұрны, ерні жетіліп, көздеріне кірпіктер мен қастары пайда болады, ал құлағы орнықты «орынын табады». Осы аптадағы салмағының жағдай қалыпты 8-8,5 кг жетеді. Болашақ ананың дене бітімі мен зат алмасуына қарай, салмақ қосуы 3 тен 10 кг аралығында болады. Дененің салмағы алдымен аяққа қысым түсіреді. Кешке қарай ол аяқ дуылдап, ісінеді. Осы жағдайдан арылу үшін аяққа салқындық беретін жақпаларды қолданып немесе салқын сумен сүртіну керек. Аяққа түскен қысымды азайту үшін төмен платформалы, ыңғайлы аяқ киім кию қажет. Аяқтың шаршауы ол аяқта болатын вена тромбоздарының болуынан, ол кейін қан айналымын бұзуы мүмкін. Осы аталған кінараттты емдеуге болады, әрине ол үшін міндетті түрде дәрігермен кеңесіп қандай дәрі-дәрімектерді қолдануға болатынын білу қажет. Необходимые анализы - Салмақ пен бойдың, жамбастың өлшемін алу - Қан қысымын өлшеу - Жеңіл дәреттің жалпы анализі Полезный совет 24-аптада енді перзентхананы таңдау қажет. Себебі айы-күнінен бұрын босану қаупі болса, аяқ астынан даяр болу керек.

Похожие видео

Показать еще