Еңбек елеусіз қалды! Атырауда жүзден аса мұғалімнің айлығын 50 пайызға қысқартып тастаған HD

06.09.2022
Атырау іргесінде мыңнан астам бала қосымша білім алатын Өнер мектебінің мұғалімдері "сауықтыру үшін төленетін жәрдемақыдан қағылдық" деп шу шығарды. Айтуларынша, мекеме басшылығы қызметкерлердің сауықтыруға арналған жәрдемақысын биыл кем есептеген. Одан қалды, еш себепсіз жүзден аса ұстаздың жалақысын қиып тастады дейді. Жиналғандар бұл мәселеден тіпті еңбек инспекциясы да хабардар екенін айтады. Алайда, олардан мардымды жауап алмадық деп отыр. Ал, қалалық білім басқармасындағылар мұғалімдердің жан айқайын біле тұра, қандай да бір көмек беруге асығар емес. Дамбы ауылындағы Өнер мектебінде сабақ беретін бұл ұстаздардың сауықтыру үшін берілген төлемнің көлеміне көңілдері толмайды. Жыл бойы 30 сағатпен жұмыс істесек те, мектеп басшылығы сауықтыру жәрдемақысын тек 18 сағатпен есептеп берді дейді. Бұған қоса, тамыз айының жалақысын да еш себепсіз 50 пайызға қысқартты деп ашулы. Ал, тапқан-таянғанын онсыз да айдан-айға әзер жеткізіп күн көріп отырған кей ұстаздар, басшылықтың бұл ісін біліп төбемізден жай түскендей болдық дейді. САЛТАНАТ ҚАРШЫГЕРОВА, Өнер мектебінің мұғалімі: – Жүздің айналасында ақшам жетпейді. 7 балам бар, 2 балам студент. Ақылы негізде істейді. Жолдасым бірде жұмысы бар, бірде жоқ. Менің жалақымның өзі тек тамағыма кетеді. САЛТАНАТ ИБРАЕВА, Өнер мектебінің оқу ісі бойынша меңгерушісі: – Мұғалімдердің арасында жалғызбасты аналар да бар, кредиттері бар басында. Олардың талабы дұрыс деп ойлаймын. Сауықтыру неге дұрыс төленбейді? Олар тек өздерінің еңбекақысын сұрап отыр. Мен ұжыммен біргемін. Бұған дейін Өнер мектебіндегі 111 мұғалім көршілес 4 ауылда бөлініп қызмет еткен. Ал 2020 жылы бір мекемеге басымызды біріктірген соң, жұмыс істеу тіпті қиынға соқты дейді. Айтуларынша, 14 бағыт бойынша қосымша сабақ өткізетін мектепке қажетті керек-жараққа да мұғалімдер өз қалталарынан ақша жұмсайды. Дәстүрлі аспаптар ішегінен басқа ауыз су, еден жуатын шүберек пен химиялық сұйықтықтарды да өзіміз сатып алуға мәжбүрміз дейді. ӘСЕМХАН ХАЙРУЛЛИНА, Өнер мектебінің мұғалімі: – Қолымызда ұжымдық шартта жазылған, қоса атқарған жұмысқа ақша төлену керек деп. Ал олар тек қана 18 сағатқа ғана төлеп отыр. Еңбек инспекциясына 5 июнь күні бардық, арыз жаздық. Екі ай болды, олардан әлі жауап жоқ. Біз енді осы мәселені шешіп беруді талап етеміз. Сауықтыру мен тамыз айына берілетін жалақыны бізге заң жүзінде өндіріп берсін. Ал, Атырау қалалық білім бөлімінің өкілі ұстаздарға ешқандай қосымша қаржы берілмейді дейді. Өйткені, министрлік бекіткен арнайы тарифке сай, төлем тек еңбек еткен сағаттарға ғана төленбек. Яғни әр мұғалім еңбек шартында көрсетілген сағаттарына ғана ақы алмақ. АЙГҮЛ ГАБДРАХМАНОВА, Атырау қалалық білім бөлімінің экономисі: – Қызметкерлермен жиналыс өткізіп, түсіндірдік. Заң жүзінде берілген ақыдан басқа ешқандай ақша берілмейді. Ал олардың өзге қажетті тауарларға қалталарынан ақша жұмсайтыны туралы мәселені тікелей мектеп басшысы шешу қажет. Мемлекеттік мекеме болса да, оған біз жауапты емеспіз. Қымбатшылық алқымнан алған кезде табыст

Похожие видео

Показать еще