Алматыдағы №12 емхана вакцина салдырудың қалай жүргізілетінін көрсетті HD

10.02.2021
Вакцина салдырудың қалай жүргізілетінін бүгін Алматыдағы №12 емхана да көрсетті. Екпе алмас бұрын қыметкерлер талап бойынша тексерістен өтіп, қан қысымын өлшеуі тиіс. Егер бақылау кезінде қандай да бір вирустық қоздырғыш белгілері анықталса, екпе салынбайды. Ал бүгін вакцина алуға келген санитар мамандар бойларындағы қорқынышын жасыра алмады. Бүгін вакцина алуға келген медицина қызметкерлері о баста екпеге қарсы болғандарын жасырмайды. Себебі соңғы уақытта ел арасында қаңқу сөз көбейіп кетті деп отыр. Ол аздай желідегі түрлі ақпараттар алаңдатады дейді. АҚМАРАЛ СЕРІК, Алматы Қалалық инфекциялық балалар ауруханасының қызметкері: – Просто бұл вакцина әлі толық тексерілмеген. Ешкімге қандай последствия болатыны белгісіз. Одан кейін әйел адам болғаннан кейін бала көтеру мәселесі туралы, сол жағы қатты қорқынышты. 18-бен 65 жас аралығында азаматтарға салынатын Спутник V вакцинасына қатысты ел арасында алаңдаушылық шынымен көп. Алайда мамандар бұны дұрыс ақпарат жетпеудің салдары дейді. Себебі вакцинаға о баста қарсы болған медицина қызметкерлері, түсіндірме жұмыстарынан соң өз еркімен екпе салғыза бастапты. Сол үшін жалған ақпараттың таралуына өкімет шектеу қойса жөн болар еді дейді мұндағы қызметкерлер. ГҮЛСАНА ҮЗЕРҚЫЗЫ, Алматы қалалық №1 Инфекциялық балалар ауруханасының санитар маманы: – Өз еркіммен келдім, салдырттым. Ешкім қорқытқан жоқ. Давление бәрін өлшеп, температура сатурация бәрін өлшеді. Қазір нормально сезінемін өзімді. Вакцина 2 кезең бойынша жүргізіліп, алғашында салынған 0,5 дозадағы компонент иммундық жүйені іске қосады екен. Ал 21 күннен соң салынатын дәл сондай доза иммунитетті күшейтетін көрінеді. ИНДИРА ҚАЛҚАБАЕВА, Алматы қалалық №12 Емхананың бөлім меңгерушісі: – Себебі кез-келген жаңа нәрсе адамдар үшін қорқыныш болып табылады. Және де нешетүрлі антивакциналық қоғамдардың арқасында түрлі ертегілер кетті. Жүкті әйелдерге, және де емізулі әйелдерге вакцина салғызуға болмайды. ӘЛІБЕК ШЫНТЕМІР, тілші: – Мамандар вакцинациядан соң екпе жасалған қолдың ауырсынуы, әлсіздік, бас ауруы болуы мүмкін деп отыр. Сондай ақ қан қысымының ауытқуы, дене қызуы секілді әсерлері болады дейді. Бұл ағзаның вакцинаға деген кері байланысы болғандықтан қалыпты жағдай екен. Әлібек Шынтемір, Сергей Шуйский Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #информбюро #екпе #СпутникV

Похожие видео

Показать еще