Жүктіліктің 32 аптасы: сезімдер, белгілер, кеңестер [Аналар әлемі]
Жүктіліктің 32–аптасы келді. Нәресте енді үлкейіп қалды біртіндеп жарық дүниеге шығуға дайындалуда. Жүктіліктің 36 аптасы – босанудың толық жеткен уақыты . Сондықтан осы күннен бастап тура 4 апта өткен соң, сіз өзіңіздің көптен күткен нәрестеңізбен кездесесіз. Аталған аптада нәресте 1800 грамм салмақ қосып, ұзындығы 40-42 см-ге жетеді. Бұл көрсеткіштер жалпы көрсеткіштер дегенді ұмытпау керек. Баланың не салмағы не ұзындығы осы параметрлерден сәл де болса өзгешелеу болуы, ол алдымен ата-аналарының физиологиялық жаратылысына қарай болуы мүмкін. Дегенмен солай болса да ол қалыпты деп есептеледі. Баланың дене бөлшектері бір-біріне пропорционал болады. Басы сондай үлкен емес, төбесіне шаштар шыға бастайды. Жүктіліктің барлық кезеңінде денесін жауып тұрған лануга бірте-бірте түсіп, енді жылу алмасу функциясын тері асты майлары атқара бастайды. Бала түктерінің түсіп болуы ол, тек туудың алдында ғана аяқталады. Баланың денесі қызыл болудан, кіржию қалпынан арылады. Осы аптадан бала басын төмен қарата бұра алды. Сондықтан болашақ ана аяқтың жоғары ішке қарай жылжығанын жиі байқайды. Бала іште жайлы әрі кеңірек орналасу үшін, жұмсақ креслоға арқасын кеңге артқа қарай салып отыру керек. Бұндай жағдайда іште орын кеңейеді.