«ForteBank» пен «Қазпошта» өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды HD
ForteBank басқармасы мен Қазпошта өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Енді Форте маркет арқылы тауар сатып алған банк клиенті оны өзінің тұрғылықты жеріндегі Қазпошта бөлімшесінен ала алады. Тіпті, еліміздің шалғай ауылдарындағы тұрғындар да қалаған затына әп сәтте тапсырыс беру мүмкіндігіне ие болды. Тек сіз тұратын жерде Қазпошта бөлімшесі болуы керек. Қазіргі таңда Форте маркетте екі мыңнан астам тауарлар каталогы бар. Ал қалаған затты сатып алғысы келген кез келген Форте банк клиенті оған тез арада қолжетімді бағада тапсырыс бере алады. Қажет тауарыңыз тым қымбат болса, оны 12 немесе 24 айға несиеге де рәсімдеуге болады екен. Клиенттің бұл өтінімі желі ішінде екі минутта-ақ мақұлданатын болса керек. ГУРАМ АНДРОНИКАШВИЛИ, ForteBank басқарма төрағасы: – Екі жылдан бері ФортеМаркет жобасын іске қостық. Ол жерде 500-ден астам тауар ұсынушылар бар. Бұл біздің стратегиялық жобаларымыздың бірі. Бізге ғана емес, біздің клиенттерге де пайда әкеліп, көңілдерінен шығып отырған бастама. Өткен жылы естеріңізде болса Форте сатушыларға арналған комиссияны тоқтатқан болатын. Қазпоштаның Қазақстан бойынша 3728 филиалы бар. Енді бұл бөлімшелер Форте маркет арқылы сатып алынған заттарды тасымалдаудан бөлек оны қаптап, орап та береді. Сондықтан облыс орталықтары мен шалғайдағы елдімекендердің тұрғындары кез келген орталықтан тапсырыс алуға мүмкідігі бар. Бірақ сіз тұратын жерде Қазпошта бөлімшесі болуы керек. ҚАНАТ АЛПЫСБАЕВ, "Қазпошта" АҚ Басқарма төрағасы: – Бұл ынтымақтастық аясында логистикалық мәселелерді бірлесе шешуді ұсынып отырмыз. Қазошта бар облыс орталықтары, аудан және ауылдарға дейін жеткізуді қарастырмақпыз. Тасымалдау ауқымын біртіндеп ұлғайтатын боламыз. Қазақстандағы ірі банк пен ұлттық пошта операторы осылайша синергетикалық нәтижеге қолжеткіземіз деп отыр. Ал әзірге алғашқы қадам Алматыдан бастау алмақ. Гүланз Сайлауқызы, Нұркен Тоқмурзин Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #ForteBank #Казпочта