Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бірқатар құжатқа қол қойды HD
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев шағын құрамда өткен мазмұнды кездесуден кейін екі елдің ресми делегациялары мүшелерінің қатысуымен келіссөзді кеңейтілген құрамда жалғастырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Президенттер сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, оның ішінде өзара тауар айналымын арттыру, инвестиция тарту және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік салалары бойынша кооперацияны дамыту мәселелеріне баса мән берді. Сондай-ақ су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ықпалдастық мәселесі талқыланды. #ҚасымЖомартТоқаев #ШавкатМирзиёев #ҚазақстанӨзбекстан #Ақорда «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: http://bit.ly/31WnObW Біздің сайт - https://24.kz
Похожие видео
Показать еще