Қазақстанның құрылысшылар одағы халыққа 5 пайызбен ипотека беруді талап етеді HD
Құрылысшылар одағы Үкіметтен халыққа жылдық мөлшерлемесі 5 пайыздық ипотека беруді сұрап отыр. Өйткені, әлі күнге баспанасыз жүрген азамат көп. Жыл сайын пәтерге сұраныс өсіп келеді. Ал, қазіргі қымбатшылықтың кесірінен көптеген құрылыс компаниялары үй салып беруге келіспейді. Өйткені пайдасынан материалға жұмсайтын шығыны көп. Бес пайыздық ипотека іске асқан күннің өзінде мамандар үйге мұқтаж барлық азаматтың мәселесі шешіліп кетпейді деп отыр. Осы себепті Құрылысшылар одағы шенеуніктерге бірнеше талап қойды. Еліміздегі құрылыс компанияларының басшылары бір ауыздан Үкімет дағдарысқа қарсы шұғыл түрде бірнеше шара қабылдасын деп талап қойды. Әуелі: еліміздің барлық өңірінде инфрақұрылымдық жобалар мен автомобиль жолын салуға биыл екі есе, яғни, 1,5 триллион теңге бөлінсін дейді. Өйткені, көршілес Ресейге салынған санкциялардың кесірінен құрылыс материалдары күн сайын аспандап барады. Одан бөлек мұндай қаражат бөлінбесе жұмыс орындары сақталмай, құрылыс тұралайды деп отыр. Ал, жыл сайын үй-күйсіз жүрген азаматтардың саны артып келеді, сондықтан 7-20-25 секілді жылдық ставкасы 5 пайыздық ипотека ашуды сұрады. ТАЛҒАТ ЕРҒАЛИЕВ, "Қазақстан Құрылысшылар Одағының" Төрағасы: – Алдыңғы жылдары осы нарыққа 1 триллиондай қаражат 7-20-25 бағдарламасына бөлінді. Оның 400 миллиарды ғана қолданды, ал 600 миллиарды қолданбай қайтадан қайтарып алды. Сол қаражатты қайтадан сол нарыққа беру керек. Осы арзан ипотекаларға. Талғат Ерғалиев Ресейге салынған санкциялардың соққысы мамыр айынан кейін бізге де қатты әсер етеді деп отыр. Ал, цемент, арматура, кірпіш шығаратын отандық компаниялардың өнімі Қазақстанның барлық өңіріне жетпейді. Ал, үй салатын, оның ішінде мемлекеттің ақшасына тұрғызатын кәсіпкер соғыс ардагерлері, мүгедектігі бар жандар мен көпбалалы отбасылардың емес, әуелі өз пайдасын ойлайды. Одан бөлек, тендерді ұтып алу үшін де кәсіпкер құрылысқа деп бөлінген ақшадан жырымдайды дейді, мамандар. Осыдан келіп, көп ұзамай қабырғасы сөгіліп, шатыры тесіліп, едені опырылып, кірпіші құлап жатады. УӘЛИХАН НЫСАНОВ, "Қазақстан Құрылысшылар Одағы" Қостанай облыстық филалының директоры: – Енді любой компания келгесін прибыль алғысы келеді. Ешкім жәйдан-жәй істемейді. Рисктері көп болғасын себестоймостьқа қарайды. Біздің себестоймсотьқа әзірге ең көп влияние ететін жаңағы материалдың құны және де фонд зарплаты труда. Сондай-ақ, құрылысшылар Үкімет халықтың электр жарығы, су, кәріз жүйесі мен дизель отынына жұмсап отырған шығынының тең жартысын субсидияласын деп отыр. Ал айтылған ұсынысты Үкімет құп алып, іске асыра ма, әзірге белгісіз. Айбар Төлжанұлы, Нұркен Тоқмурзин Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #құрылысшылар #баспана #ипотека