Ұлы Абайдың атына тарту етілген сыйлардың сыйқы кетті HD

21.04.2021
Абайдың жүз жетпіс бес жылдық мерейтойының өткеніне бір жыл да бола қойған жоқ. Той тарқамай жатып, ақын атына тарту етілген сыйлардың қазір сыйқы кетті. Семей қаласындағы «Абай жолы» аллеясы бүлініп барады. Төселген тастары тесіліп, жарығы өшкен. Жидебайда жөнделген «Абай-Шәкәрім мемориалдық кешенінің» төбесінен де биыл су ағып кетті. Семейдегі демалыс орнының кейпі міне! Абай әруағы үшін мерейлі мерекесі қарсаңында алты жүз сексен бір миллион теңгеге салынған. Қазір төсеніш тастары орнынан қозғалып кеткен. Тесіліп кеткен жерлері көп. АЛЕКСЕЙ ДУРЯГИН, Семей қаласының тұрғыны: – Құрылыс талаптарының бәрі бұзылған. Міне мына біз тұрған веложолақ резина болу керек. Ол осы құрылыс салынған кезде паспортында жазылған еді. Бірақ асфальт төседі де бояй салды. ЗЕЙНЕЛҚАБДЕН ЗАРИПОВ, Семей қаласының тұрғыны: – Ойықтары көп. Салған ағаштарының көбі өлі. Шаң екі жағынан да. Неге десең, жолдың дәл қасында. Семей қаласы әкімдігінің қызметкерлері осы кемшіліктерді жою үшін аллеяны тарту еткен талдықорғандықтарға хат жазып жатыр екен. НАЗГҮЛ ИГЕМБЕКОВА, Семей қаласы ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы: – Құрылыс кезінде кеткен кемшіліктерді жою туралы Талдықорған қаласы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне ескерту хатын әзірлеп жатырмыз. Жарық пен төселген тастарды қалпына келтірулері керек. Абай тойынан кейін, жыл өтпей жатып, Жидебайдағы мемориалдық кешенінің төбесінен су ағып қоя берді. Тесілген төбені көрген ел шу ете қалды. Кешеннің төбесі қазір қайта жамалып жатыр. МЕЙІРЖАН СМАҒҰЛОВ, Абай ауданы әкімінің орынбасары: – Кепілдеменің негізінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Яғни жақын күндері жөндеу жұмыстары толық аяқталып, кеткен ақаулар толық қалпына келтіріледі. Бұл Абай ауданының орталығы Қарауылдағы Абай саябағы. Жалпы аумағы он бес гектар. Электр желісі тартылғанымен түн қараңғысында мұнда жарық жанбайды. АБДУНАСЫР ХАДЖИМОВ, Абай саябағының қызметкері: – Ашқан кезде қосылды. Содан өшіріп кетті. Көктемнен бастап қосамыз деген. Қарауыл ауылынан сыртындағы саябаққа бару да мұң екен. Балалар жаяу жүріп, екі сағатта әрең жетеміз - дейді. ЕРЖОМАРТ ЕРЛАНОВ, Қарауыл ауылының тұрғыны: – Бізге саябақ алыс. Достарымызбен бірге екі сағат жүреміз. Біз орталықтан осы жаққа дейін келеміз. Бұл Абайдың кіндік қаны тамған жер - Сырт Қасқабұлақ. Абай жылында өзі ұстаған домбырасының пішінінде салынған саябақ та талай сынның астында қалды. Қазір қоршауы бүліне бастапты. Абай елі Абай жылында Абайдың тұңғышы Ақылбайдың зираты жөнделеді деп үміттенген екен. Зираттың ескі қоршауы құлап, ішіне мал енген қорған, тарихи ескерткіштер қатарына әлі енбепті. ШАҒЖАН ИСАБАЕВ, Мұхтар Әуезов мұражайының меңгерушісі: – Тарихи ескерткіштер қатарына енсе деп ойлаймын. Әйгерім, Ділдә кесенесі енеді. Сырт Қасқабұлақ енеді. Еңлік-Кебек енеді. Ал Ақылбай сыртта қалып отыр. Қазақ Абай мен Мұхтарды бөліп қарамайды. Бірақ былтыр Абай тойы өткенде Мұхтар Әуезовтің мекені Бөріліге ешкім ат ізін салмапты. Жанболат Санияз Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Yout

Похожие видео

Показать еще