АТЫРАУ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ДА НАЗЕРКЕГЕ КӨМЕК БЕРДІ. HD

29.08.2018
АТЫРАУ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ДА НАЗЕРКЕГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ. ҚМДБ Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров, "Иманғали" Орталық мешітінің жамағатына Назерке Аймұратоваға қаржылай көмек беру жайында бастама көтеріп, үлкен қолдау тапты. Соның негізінде, "Қазақстан Атырау" телеарнасында өтетін "Бізбен бірге" бағдарламасына Батыржан Берденұлы шақырту алып, Назерке қарындасымызға өзінің ігі тілектерін айтып, батасын берді. Ол, өз сөзінде: "Алладан үмітіңді үзбей, тәуекел етсең, Алла шипасын береді", деп жігер беріп, сөз соңында, әлемдегі ең ұлы кітап - Құран Кәрімді сыйға тартты. Айта кетерлік, Назерке Аймұратова 2011 жылдың 10 сәуір күні, нейроинфекция дертіне шалдыққан болатын. Ордабасы аудандық аурухананың дәрігерінің айтуынша, бүлдіршіннің жүйке жүйесі зақымданып, кейбір талшықтары жұмыс істеуін тоқтатқан. Ин шаа Алла, Алла Тағала шипа бергей!

Похожие видео

Показать еще