Ақтөбеде жұртшылық жаппай коньки тебетін 50-ден астам мұз айдыны бар

07.01.2018
Ақтөбелік балғындар демалысын қызықты өткізіп жатыр. Қазір қалада жұртшылық жаппай коньки тебетін 50-ден астам мұз айдыны бар. Халық көп шоғырланған шағын аудандар мен мектеп аулаларында жасанды мұз алаңдары құйылыпты. Одан бөлек, қала сыртындағы демалыс базаларында шаңғы тебуге болады. Бала үшін қыстың қызығы – коньки тебу. Бұрын қалада жасанды мұз айдындарының саны 30-дан аспайтын. Биыл олардың саны артып, жалпы елу алаңға мұз айдыны құйылды. Каникулдағы оқушылар конькилерін арқалап, айдындарға қарай ағылатын болған. Бір жағынан, ауа райы да қолайлы болып тұр. Қыс қаһарына міне қойған жоқ. Мынау – Тұңғыш Президент атындағы орталық саябаққа құйылған мұз айдыны. Күндіз санаулы адам жүрсе, кешке қарай халық көп жиналатын жер осы. Подписывайтесь на «Хабар 24»: https://www.youtube.com/c/tv24kz Наш сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/ Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/ Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24

Похожие видео

Показать еще