Семейде 200-ден астам үйді су басты

29.03.2018
Семей қаласында Ертістегі су деңгейінің күрт көтерілуіне байланысты жағдай ушығып кетті. Қаланың сол жағалауындағы Бобровка саяжайы мен оң жағалаудағы Затон аумағындағы Лодочная, Краевая көшелері су астында қалды. Тұрғындар жаппай қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Жергілікті әкімдік «бұл төтенше жағдайға Ертіс бассейні инспекциясының алдын ала ескертпей көп мөлшерде су жіберуі себеп болып отыр», – дейді. Соңғы ресми мәліметтер бойынша, 200-ден астам үйді су басқан. Біздің түсіру тобымыз күні бойы осы аймақтарда жұмыс істеді. Бобровка кентіндегі жүздеген халықтан қазір маза қашқан. Олар құжаттары мен бала-шағаларын алып, үйлерін тастап қашуға мәжбүр болған. Қазір полиция қызметкерлері эвакуация жұмысымен айналысып жатыр. Дегенмен судың қарқыны төмендейтін түрі жоқ. Міне, қазірдің өзінде қас-қағым сәтте мына жолды су шайып бара жатыр.

Похожие видео