Маңғыстау облысында бірнеше газ құю бекетінің қожайындары журналистерден көмек сұрады
Маңғыстау облысында сұйытылған газ мәселесі шешілмей тұр. Бірнеше газ құю бекетінің қожайыны енді журналистерден көмек сұрады. Жиналған кәсіпкерлер газ көлемінің әділ бөлінбейтініне наразы әрі осы саладағы жемқорлықты жою үшін заңға өзгеріс керек деп отыр. МАХАББАТ НҰРЖАНҚЫЗЫ, тілші: – Ақтаудағы сұйытылған газ мәселесі тек тұрғындар үшін емес кейбір кәсіпкерлер үшін де қиын болып отыр. Өйткені, менің артымда тұрған мына бір үнемі кезек болатын газ стансасы ай бойы үздіксіз жұмыс істей алады. Ал жанында тұрған мына станса өзінің бір айлық көлемін 2-3 күнде сатып бітіреді. Газ желісі ұйымы арқылы дайын өнім алып отырған кәсіпкерлердің бір айлық көлемі бүгінде 8 тоннаға әрең жетеді. Жиналғандар мәселенің күрделеніп бара жатқанынан әкімдік те, министрлік те құлағдар болса да газ көлемінің әлі де реттелмей келе жатқанына наразы. ХАДИША ИМАШЕВА, кәсіпкер: – Энергетика министрлігіне мынадай сұрағым бар. Газ неге бәріне теңдей бөлінбейді? Өзімізге бөлінген көлемді 2-3 күнде сатып бітіреміз де, қалған күндері жабық тұрамыз. Әділдік жоқ, бұл нарықта жемқорлыққа жол бермеу керек. Барлық кәсіпкерге бірдей бөлінбегендіктен халық осылай сағаттап кезекке тұрып жатыр. ОЛЖАС ТАУБОЛҒАНОВ, кәсіпкер: – Бізге тек заңды өзгертпей-ақ қойсын, заңға бір қосымша енгізіп берсін. Егер де осындай газды тұтынушылар 200 км алыс орналасса заводтан, онда ГСО-лармен обязательно алсын. Ал егер 200 км-ден аз болса онда біз тіке заводтан алайық. И так та сол затты жасап отырмыз. Сол түскен ақша заводқа түссін. Солай подпункт енгізіп берсе, біз баяғыша заводтан тіке алғымыз келеді. Ал мына Сосын ГСО-ларда неше заправка бар сонша газын алсын. Сонда облыста мәселе шешіледі газ бойынша. Алғашында плакат ұстап шықпақшы болған кәсіпкерлер полиция өздерін қорқытқанын да жасырмады. Тәртіп сақшылары мен әкімдік өкілдері топтасқан жұрттан қорықты ма әйтеуір кәсіпкерлер жиналған жерге шақырусыз-ақ келе қалды. Алайда, еститін жауаптың өзгеретін түрі жоқ. Облыстық энергетика басқармасы бұл мәселені үш айдан бері білсе де 15 күнде қарап, бір ай ішінде министрлікке жеткізетінін айтып отыр. БАУЫРЖАН ЕРПАНОВ, Маңғыстау облыстық энергетика басқармасының өкілі: – Талаптарын айтты, заңдылыққа өзгеріс енгізу. Газ желісі ұйымдарын алып тастауды айтты тікелей заводтан алайық деп. Сол ұсыныстар жаздық деді, қазір бізге тапсырады облыс әкімінің канцеляриясына. Соны қарап, біздер жауап береміз сосын ары қарай энергетика министрлігіне жолдайтын боламыз. Ал бұл мәселе шешілмесе келесі жылы да 200-ден астам газ құю бекеті бір айдың 27 күнінде жұмыссыз отыруы мүмкін. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31