Наразылықта жүрген әкелерін сағынған балалары арна арқылы сағыныштарын жолдап жатыр HD

03.09.2021
Маңғыстау облысындағы мұнайшылардың ереуілі әлі тоқтаған жоқ. «West oil Software» компаниясының жұмысшылары он екі күннен бері далада қонып жүр. Тіпті балалары үйге келмей кеткен әкелеріне біздің арна арқылы сағыныштарын жолдап жатыр. Айта кетейік, мұнайшылардың кәсіби мерекесі екі күннен кейін, яғни 5 қыркүйекте аталып өтіледі. Бұл аядай ғана Жетібай ауылында 12 күннен бері ереуілде тұрған «West oil Software» компаниясының жұмысшылары. Үйіне бармастан шатырдың астында түнеп, балаларын көрмей ереуілде тұрғандардың бірі Ғабидолла Омаров. Компанияда көлік жөндеуші болып жұмыс істейді. Айтуынша 2018 жылы азайған айлық қазір шайлығына жетпейді. ҒАБИДОЛЛА ОМАРОВ, «West oil Software» ЖШС қызметкері: – Дымға жетпейді, алатын айлығым 130-140 мың шауып кеткенде, сағат толтырған кезде. 12 күн болды жатқанымызға. Бала-шағамызды көрген жоқпыз. Сағындық, үйге барғымыз келеді біз де. Үйде газ, светімді қиып кетті, төлей алмай отырмын. Балаларыммен телефонмен хабарласып тұрмыз. «Қашан келесің, папа, қашан келесің, қашан бітеді» дейді. Мәселені шешпей тұр. Ғабидолланы бес баласы мен жүкті әйелі үйінде тілеуін тілеп, сағынышпен күтіп отыр. Биыл ол балаларын 1-қыркүйекте мектепке де жетектеп апара алмады. Үлкен ұлы Нұрмұхаммед болса әкесіне деген сағынышын біздің арнамыз арқылы жеткізді. НҰРМҰХАММЕД ЖЕТКІЗГЕН, Ғабидолла Омаровтың ұлы: – Әкемді қатты сағындым, әкемді көрмегелі 12 күн болды. Барлығымыз бірге тамақ ішкенді сағындым. Әкем келген кезде ойнайтын едік. Демалыста қыдыратын едік. Әкемнің бастықтары айлықтарын көбейтсе екен, талаптары орындалса екен. Әкешім, сізді сағындым. Дәл осылай асураушыларын күтіп отырған отбасылар көп. Мәселен Жетібай кентіндегі «Техно Трединг» серіктестігі мен «Oil Construction Company» жұмысшылары бір аптадан бері жалақыны көтеруді талап етіп жатыр. «Oil Construction Company»дың жүздеген қызметкері облыс әкімдігіне дейін барған. Ал Жетібайдағы екі ұжымға күні кеше Қарақия ауданы әкімі мен аудан прокуроры барған. Ал өңірдегі кәсіподақтар төрағасы телефон арқылы ереуілшілер мәселесі бойынша әлі де жиындар мен келіссөздер жүріп жатқанын хабарлады. Махаббат Нұржанқызы, Мұхаммед Шадкам Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #наразылық #мұнайшылар #Маңғыстау

Похожие видео

Показать еще