Ақмола облысының жұрты Ұлыстың ұлы күнін ерекше атап өтіп жатыр

21.03.2018
Ақмола облысының жұртшылығы да Ұлыстың ұлы күнін айрықша атап өтіп жатыр. Абылайхан алаңына қаз-қатар киіз үйлер тігіліп, көпшілікке Наурыз көже таратылды. Ұлттық ойындардың көрігі қызып, түрлі қойылымдар сахналанды. Көкшеге көктем кеш келеді. Десе де, жұрт күннің суықтығына қарамастан Ұлыстың Ұлы күнін атап өту үшін орталық алаңға жиналды. Бәрінің де көңіл-күйі өте көтеріңкі. «Бір-бірін осы бір мерейлі мерекемен құттықтап, қыстан аман шықтың ба» деп, хал-жағдай сұрасып жатты. Наурыз мерекесін тойлауға келген көпшілік, алдымен 9 бөлімнен тұратын «Тарих керуені» атты театрландырылған қойылымдарды тамашалады. Олардың әрқайсысының өзіндік мән-мағынасы бар. Бірінде қазақтың салт-дәстүрлері көрсетілсе, келесісінде еліміздегі халықтар достастығы мен тарихи оқиғалар сипатталды.

Похожие видео

Показать еще