Мейірбек Бердібайұлы: “Бізге конкуренция керек!” — ОЙФОРИЯ HD
Мейірбек Бердібайұлы — Қазақстандағы алғашқы онлайн университет Shonbay Online University-тің (ShOU) негізін қалаушылардың бірі. Кәсіпкер, маркетолог, ShOU директоры. Қуаныш Шонбай, Айнұр Тұрсынбаева, Қыран Талапбек сияқты онлайн курс ұйымдастырушы танымал инфобизнесмендердің продюсері. “Бизнес Симфония” кітабының со-авторы. Инстаграм парақшаларына жазылайық: Нұрлан Жанай - https://instagram.com/nurlanjanai Мейірбек Бердібайұлы - https://instagram.com/zhmeirbek Сұқбат барысында айтылған әңгіменің таймкоды: 00:00 Intro 00:55 Продюсер деген 01:50 Кімдерге продюсерсіз? 02:30 Мейірбек Бердібайұлы деген кім? 03:00 Карантин қалай өтіп жатыр? Қиналып қалмадыңыздар ма? 03:40 Мәке, мектепте қандай оқушы болдыңыз? Немен айналыстыңыз? 04:49 Университетте КазГУ-да саясаттануда оқыдыңыз. Неге бизнесті таңдадыңыз? 05:37 Саясаттануда бірге оқыған танымал курстастарыңыз жайлы айтсаңыз. Олармен қарым-қатынас қалай? 06:32 Шонбай.онлайнға келгенге дейін қандай бизнеспен айналыстыңыз? 09:12 “Жеке бизнеспен” қандай жетістіктер болды? 13:03 Versus, Vertex деген семинар-тренингтеріңіз болды. Солар неге сәтсіз шықты? Қуаныш Шонбаймен қалай таныстыңыз? 15:03 Қуаныш Шонбай RUMI ресторандар желісін сәтті жүргізді деп санайсыз ба? Ол кеткен соң RUMI бірінен соңы бірі жабыла бастады. Неге? Жеке брендинг пен Жүйелі бизнес. Жеке брендинг деген алдымен атыңды, кейін амалын тауып, өзіңді сату керек. Жүйелі бизнес деген жеке адамға байланбаған жылдар бойы жүріп тұратын бизнес. Енді сұрақ: неге сіздер жеке брендингті дәріптейсіздер? 21:51 Қуаныш мырзасыз SHONBAY ONLINE-ды елестете аламыз ба? 23:15 Оны сұрап отқан себебім, Қуаныш мырза “Болмасаң да, ұқсап бақ” деген сөзді көп айтады. Қазір Инстаграмды дилетанттар қаптады. Бәрі өзін #1 маркетолог, #1 таргетолог санайды. Солардың көбі сіздердің шәкірттеріңіз. Олардың алданып қалған клиенттер сізге жалоба айтпай ма? 26:40 shonbay.online жайлы да сұрайын. Басында тұлғалық дамуды бастадыңыздар. Қанша адам оқыттыңыздар? Ол шәкірттер қазір қайда жүр? 29:00 Сіз продюсерсіз. Айнұр Тұрсынбаева, Қыран Талапбек, Жұлдыз Ақболаттың курстарын сатуды басқардыңыз. Олармен қалай келісесіздер? Шарттары қандай? 32:24 Сіздерден кеткен Айым Жекенова, Назерке Құлжабай, Жұлдыз Ақболат сияқты қыздар көбіне сіздерді көшіреді. Неге олай істейді? 34:06 Мысалы, бір курс 150 000, 300 000 теңгеден сатылады. Оны адамдар толық бітірмей жатып, оны АКЦИЯмен 10-15 мың теңгеге беріп жібересіздер. Алдын қымбатқа сатып алған клиенттерге құрметсіздік емес пе? 35:14 Инфобизнес. Сіз осы теманы алғашқылардан болып қазақтарға айта бастадыңыз. Қалай келдіңіз бұл темаға? 39:36 “Инфобизнес” деген кітаптың мұқабасын көрдім. Кітап неге шықпай жатыр? 40:17 Кітап демекші, Қуаныш Шонбайдың алғашқы 2 кітабында атыңыз болмады. 3-кітапқа не үшін атыңызды қостырдыңыз? 41:25 Сол алғашқы 2 кітаптың біріншісі, “Екінші болма!” Игор Манның Номер 1 деген кітабынан, “Секрет” деген деректі фильмнен алынған дейді. Бизнес симфонияның идеясы қайдан алынды? 42:19 Бизнес Симфония