«Мал жаятын ұлтарақтай жер қалмады». Алматы облысының ашынған тұрғындары жанайқайларын жеткізді HD
Алматы облысында жайылымсыз қалдық деген тұрғындар малды көлікке тиеп, жайылым іздеп, сарсаңға түсіп жатқандарын айтады. Ауыл айналасында ұлтарақтай жер қалмады, мал бақсаң иесі қуып шығады дейді тұрғындар. Күн көрісі төрт түлікке қараған ауылдағы ағайын енді қалай жан бағамыз деп шарасыз күйде отыр. САМАЛ ҚАБЫШЕВА, Тілші: – Ауылда мал бағатын жер жоқ деген Жамбыл ауылының халқы міне көрші ауылға мал жаю үшін осылайша көлікке тиеп, жіберіп жатыр. Көлік иесі әрбір малдың басына 2 мың теңгеден алады. Ауыл халқы үшін бұл қып-қызыл шығын. Көксу ауданына қарасты Жамбыл ауылының халқы осылайша малды әупірімдеп көлікке тиеп алып, жағалай жайылым іздейміз деп отыр. Тіпті мал алысқа барып жайылса, оған төленетін төлем де көбейеді дейді. МӘЖЕН АХУНЖАН, Көксу ауданына қарасты Жамбыл ауылының тұрғыны: – Елдердің малдарын тиеймін, рейсіне 20-25 мыңнан аламын. Өзім деген соң ауылдың кісілеріне, Әйтпесе 60-70 шақырым жер желді қара. МӘМИЛӘ БИНАЗАРОВА, Көксу ауданы Жамбыл ауылының тұрғыны: – Енді мына әкім бізге бірдеңе жасасын, барады да ауылдағы жерді әкім кім барады, соған бере салады. Ақшасы көп, қалтасы көпке. БИНАЗАР ШОҚПАРОВ, Көксу ауданы Жамбыл ауылының тұрғыны: – Биыл малды жолатпайды, бидай салған, не салған. Неше түрлі ӘУЕСХАН ОМАРБЕКОВА, Көксу ауданы Жамбыл ауылының тұрғыны: – Жайылым жоқ болғаннан кейін Талаптыға барып жалынып, әкем-көкем деп сиырымызды камазға тиеп, апарып жатырмыз. Міне менің айтарым, осыған бір шешу шығарыңыздар. Ауыл халқы жер ауылдың халқына емес, басқа өңірдің адамдарына беріліп жатыр деп наразы. Ал әкімдіктегілер біз ешкімді бөлмейміз деп отыр. Жамбыл ауылы бойынша 850 бас ірі қара, 2,5 мың қой, 200 ден аса жылқы бар деген ауыл әкімдігі мың жарым дектарға жуық жайылым бар деп отыр. Бірақ мал басының өсуіне байланысты жер жетпей жатыр дейді. Мәселені шешу жолдарын қарастырып жатырмыз деп қысқа қайырды. САМАЛ ҚАБЫШЕВА, Тілші: – Жамбыл ауылы тұрғындарын мазалап отырған тағы бір мәселе мына жар. Бұл жар Алматы-Талдықорған жасағанда пайда болды дейді. Топырақты осы жерден алған. Бірақ тегістемей кетті деп отыр. Салдарынан енді малдар жардан құлап, өліп жатқанын айтады. Енді халықтың сұрап отырғаны жауаптылар сол жарды тегістесін, мына қоқысты тазаласын дейді. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #жайылым #мал_шаруашылығы