Әбдіғали Алтынай Азаматқызы. "Елорда Жастары". За вклад в искусство. HD

15.11.2018
Жақсы дизайн – дизайнердің ерекше талғам мен стильді сезіне білуі. Мен Әбдіғали Алтынай Азаматқызы 1998 жылы дүниеге келдім. Өнерге деген құлшынысымды ата-анаммен, мектеп ұстаздарының арқасында арттыра түсіп, 2015 жылдың күзінде «Басқару колледжінің» модельер-конструктор мамандығына тұлғалық жолымды бастау үшін оқуға түстім. Алғашқы сәттен бастап мамандығыма деген қызығушылығым күннен-күнге арта түсті. Негізгі мақсатым – егеменді еліміздегі дизайн сән саласының дамуына үлесімді қосу және өзіндік орынын қалыптастыру болды. Сондықтан да 2016 жылы «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл: Ғылым және білім саласындағы заманауи технология» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясынан І орын, 2017 жылы «Қазақстанның үшінші модернизациясы: ғалымдар мен студенттердің еліміздің индустриалды-инновациялық дамуына қосқан үлесі», «Заманауи ғылым: теория мен тәжірибенің өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларынан І,ІІ орын, 2015 жылы «Білімді ұрпақ-білікті маман», 2016 жылы «Ғылым. Білім. Жастар» және 2018 жылы «Білім беру-Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» Мақаласын жарқын болашақта жүзеге асырудың ен негізгі факторы» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың І,ІІ дәрежелі дипломдары табыс етілді. Сонымен қатар Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері және кәсіпорындардың жас мамандары арасында өткізілген «Дизайн және киімді моделдеу» WorldSkills Қазақстан қалалық чемпионатында ІІ орынды иелендім. Бүгінгі күні тағы да басқа қалалық, республикалық, халықаралық ғылыми конференцияларының жүлделі орындарын иелендім. Маған берілген бағалардың ең үздігі ол 2018 жылдың 25 сәуірінде берілген халықаралық сараптама кеңесінің президиум ұсынысының «Балалар – біздің болашағымыз» номинациясы бойынша «Дарынды бала» медалі мен І дәрежелі дипломның табыс етілуі. Бұл дәреже мамандығының нағыз маманы боламын деген студенттік арманымның орындалуы болды. Осылайша оқу жылдарымды үздік бітіріп, арманымның жолында білімімді жоғарлату мақсатында, «Қазақ технология және бизнес университетінің» 2018 жылғы, Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің технологиясы және дизайны мамандығының 1 курс студенті атануым, мақсатқа жетуге деген тағы бір қадамымның бірі болды. Өнерге деген үлесімді студенттік шағымда ғылыми-практикалық тәжірибелермен толықтыра түсіп, тарихы терең қазақ елінің ұлттық нақыштағы бұйымдарды әлемдік таңдаулы «Сәндік киімдер» көрмесінің эксклюзивті топтамасы ретінде жарқыратып, еліміздің киім дизайны саласына үлкен үлесімімді қосу менің арманым. Ал арман – адамзатты жетістікке жетелейтін үлкен қасиет!

Похожие видео