Астанада «Алпамыс» атты театралды-цирк шоуы басталады

30.05.2018
Мәдениет және спорт министрлігі мұрындық болып отырған ауқымды шара қала іргесіндегі «Этноауыл» ұлттық мәдени кешенінде өтеді. Ипподром жанындағы алаң елорда тұрғындары мен қонақтары үшін 1 маусымнан бастап ашық. «Дю Солей» қойылымдарының тәжірибелі қатысушылары көрермен назарына қызықты бағдарлама ұсынады. Қазақ тарихының көне беттерінен бастау алатын Алпамыс батыр туралы ғажап аңыздың желісі ежелгі Бозоқ қаласының көшелері мен алаңдарында өтеді. Ұлы дала халқы мен аңыз қаланың өткені туралы шоуды ауқымды театралды-цирк көрсетілімдеріне мамандандырылған, көптеген халықтың аңыздарына жаңа өмір сыйлап жүрген «Журавли» спорт театры қояды. Бас кейіпкер Алпамыстың рөлін жас актер Дархан Қамбышев сомдайды. Подписывайтесь на «Хабар 24»: https://www.youtube.com/c/tv24kz Наш сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/ Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/ Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24

Похожие видео