Елорда жауһарлары HD
Сонымен қатар осы аптада Елорданың қос «қақпасы» қолданысқа берілді. Астана әуежайының жаңа терминалы мен жаңа теміржол вокзалы жұмысын бастады. Екі нысанның да есігін ашқан Елбасы құрылысқа жауаптылар еңбегін ерекше бағалады. ТМД кеңістігінде теңдесі жоқ теміржол вокзалы. Астанадағы «Нұрлы жол» кешені ең соңғы үлгіде салынған. Еңселі ғимарат көш жерден көзге түседі. Заманауи нысанның мүмкіндіктері орасан. Вокзал 126 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Алты деңгейлі. Жолаушыларға қызмет көрсететін негізгі залдар жоғарғы қабаттардан орын тепті. Кешенде жолаушылар ағыны, қауіпсіздік пен электронды билет сату үрдісі интелектуалдық басқару жүйесімен қамтылған.
Похожие видео
Показать еще