100 мыңнан астам қазақстандық утилизациялық алымды алып тастау петициясына қол қойды HD

16.11.2021
Елімізде утилизациялық алымды алып тастау үшін жазылған петицияны қолдаған қазақстандықтардың саны 100 мыңнан асты. Мұндай бастаманы "Утилизациялық алым жоқ" қозғалысы көтеріп жатыр. 2016 жылы енгізілген бұл алымның мөлшері қазір 400 мың теңгеден 5,5 миллион теңгеге дейін жетеді. Ал петиция авторлары шетелдерде утилизациялық алымның бағасы біздегіден бірнеше есе төмен екенін айтады. Бірақ сөйте тұра еліміздегі автоиндустрия дамымай жатыр дейді. "Утилизациялық алым жоқ" қозғалысының өкілдері бұл алым біздегі көлік өндірісін дамыту үшін емес, жекелеген тұлғалардың пайдасы үшін жасалған нәрсе деген пікірде. Және ол қолданысқа енген сәттен бастап Қазақстанда көліктердің бағасы екі есеге қымбаттаған дейді. . . . . Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #информбюро #басты_жаңалықтар #Ақиқатын_Айтайық

Похожие видео

Показать еще