ШҰҒЫЛ! ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ ҚАЙТЫС БОЛДЫ!

06.08.2021
Бәріңізге Ассалаумағалейкум олимпиададан Алтын алмасаңдар осы жерге көміп кетемін деген ұлтшыл қазақ кім?! Өзбекстан сатып алған қазақ бапкері туралы естіппе едіңіз? Өзбек ағалар екі алтынмен бізден басып озуына не себеп болды? Олимпиада спортшыларына бөлінген 100 миллаэиард теңгені жегендер кім? Бұл сұрақтардың жауабын сізге Көрген дұрыс! Қазақстан спортшылары дым өнер көрсете алмадым дегеннің өзінде Токиодан үш алтынсыз қайтпайды деп жорамалдаған едік. Атамыздың тақ басы. Үш қоланы әупірімдеп жүріп әрең дегенде қанжығамызға байладық. Бұрын соңды олимпиадаларда мұндай масқаралыққа ұшырамаған едік. Бізге не көрінді. Әй, бірақ, 100 ден астам миллиард теңгелер желініп жатса, өз бапкерлеріміз өзбектерді баптап жатса, спортшыларымызда ұлттық рухтың тамыры гүлдемесе қайдағы алтын, қайдағы жеңіс?! Жасыратыны жоқ. Токио Олимпиадасында Өзбекстан Қазақстаннан әлдеқайда жақсы өнер көрсетіп жатыр. Қазір көрші елдің қоржынында үш медаль бар, оның екеуі алтын. Ол алтынның бірін қазақстандық бапкер Ержас Болтаевтың шәкірті Акбар Джураев алды. Бес жыл бұрын Рио–2016 ойындарында Болтаев Алексей Нимен жанжалдасып қалған болатын. Сол кезде жаттықтырушы шәкірті Александр Зайчиков өнер көрсетер алдында Олимпиадада аккредитациясынан айырылды. Қазір Болтаев Өзбекстан үшін олимпиада чемпиондарын тәрбиелеп жүр. Алтынның қолда барда қадірі жоқ деген осы шығар. Бар кезінде бағалай алмадық. Қазір осындай табанды бапкерлерге зәруміз. Бапкер демекші. Нағыз ұлттық рухтың асқақ байрағын көтерген бапкер Мұстафа Өзтүрік бізге жетіспей тұр. Жаны жәннаттық болғыр Мұстафа Өзтүріктің мынандай естелігі бар. Ол өз сөзінде; «…Бір ретте Қазақстан атынан халықаралық жарысқа шықтық. Сөйтіп біздің үш спортшымыз финалға өтті. Бірақ жігіттердің: «Бізге екінші орын да жетеді. Әлгілер мықты, еуропа чемпиондары. Бастарыңды абайлаңдар», — деген әңгімелерін естіп қалдым да ыза болып кеттім. Сонан соң ол үшеуін былай шығарып алып: «Сендер мұнда не үшін келдіңдер?! Маған және менің еліме екінші орынның керегі жоқ. Бірінші орын керек маған! Қазір финалдасыңдар. Жеңіліп қалсаңдар не беттеріңмен елге қайтасыңдар? Бұл жарыстан қалай да алтын аласыңдар. Алмасаңдар, Стамбулда көміп кетемін!» дегенде олар: «Өлтіреміз!» деді. Осыдан кейін екі шәкіртім алтын алды. Маңдайларынан сүйдім. Ал әлгі жеңіліп қалған үшінші спортшымыз жоқ. Ары-бері іздедік. Сөйтсек, бір түкпірде жылап отыр екен. Мені көрді де: «Аға, кешіріңізші. Келесіде жасаймын, ендігіде жібермеймін» деді. Мен намысын қайрап: «Келесі деген енді болмайды. Әлде Қазақстанда басқа мықты спортшы жоқ деп ойлайсың ба? Бұдан былай келмейсің!», — деп едім, анау одан сайын өкіріп жылады. Сонан соң: «Айналайын, елім, жерім деп жылағаның үшін рахмет. Сенің ішкі дүниеңді көріп, сезіп тұрмын. Сен чемпиондардың чемпионы боласың», — дедім…» Мінекей. Қазір спорттың әр саласына намысты қайраған, бір-бір Мұстафа Өзтүрік ауадай қажет. Ауадай. Айта берсек бұл олимпиаданың жыры көп. Үкімет Олимпиадаға спортшыларды дайындау үшін 100 млрд теңге жұмсаған. Жұмс

Похожие видео

Показать еще