Hyundai Trans Kazakhstan зауыты – отандық автоөнеркәсіпті дамытуға арналған стратегиялық объект. HD

26.10.2022
«Астана Моторс» компаниясының еншілес кәсіпорны болып табылатын Hyundai Trans Kazakhstan автокөлік өндіретін зауыты – отандық автоөнеркәсіпті дамытуға арналған стратегиялық объект. Кәсіпорынның жаһандық мақсаты – қазақстандық нарыққа Hyundai әлемдік брендінің технологиялары мен жоғарғы сапа стандарттарын әкелу, машина жасау саласында білікті кадрларды тәрбиелеу, жергіліктендіруді тереңдету, Қазақстан мен шет елдер үшін өндірістік базаға айналу. Алғашқы бір жарым жыл ішінде Hyundai Trans Kazakhstan мамандары екі модельді – Hyundai Accent және Hyundai Tucson модельдерін дәнекерлеу және бояу әдісімен ұсақ түйінді өндіруді игерді. Қазіргі уақытта «Астана Моторс» Hyundai Motor Company (Оңтүстік Корея) компаниясымен кезекті модельді кәсіпорын шығаратын қатардан ұсақ түйінді өндіріске көшіру туралы келіссөздер жүргізуде. Бүгінгі таңда кәсіпорынның қуаттылығы – жылына 45 мың бірлік. Іске қосылған сәттен бастап (2020 жылғы сәуір) Hyundai Trans Kazakhstan 60 мыңнан астам автокөлік шығарды. 2022 жылы кәсіпорын 38 мың бірлік автокөлік шығаруды жоспарлаған, ал 2023 жылы Hyundai Trans Kazakhstan өндірістік қуаттылықты арттырып, 52 мың автокөлік шығаруды жоспарлап отыр. KazakhExport «Қарызды сақтандыру» құралын пайдалану арқылы кәсіпорын автокөліктерді кейіннен отандық өндіру және оларды экспортқа өткізу мақсатында жиынтықтауыштарды сатып алу үшін айналым қаражатын толықтыруға шамамен 25 млрд теңге мөлшерінде міндеттемелер бойынша сақтандыру қорғанысын алады. #kazakhstan #kazakhexport #hyundai Hyundai Trans Kazakhstan – стратегический объект для развития отечественного автопрома. Завод по производству автомобилей Hyundai Trans Kazakhstan, дочернее предприятие компании «Астана Моторс» – стратегический объект для развития отечественного автопрома. Глобальная цель предприятия – принести на казахстанский рынок технологии и высокие стандарты качества мирового бренда Hyundai, взрастить квалифицированные кадры в сфере машиностроения, углублять локализацию, стать производственной базой для Казахстана и зарубежных стран. За первые полтора года работы специалисты Hyundai Trans Kazakhstan освоили мелкоузловое производство методом сварки и окраски двух моделей – Hyundai Accent и Hyundai Tucson. В настоящее время «Астана Моторс» ведет переговоры с Hyundai Motor Company (Южная Корея) о переводе очередной модели из ряда выпускаемых предприятием на мелкоузловое производство. На сегодня мощность предприятия – 45 тысяч единиц в год. С момента запуска (апрель 2020 года) Hyundai Trans Kazakhstan выпустил более 60 тысяч автомобилей. В 2022 году предприятие запланировало произвести 38 тысяч единиц, а в 2023 году Hyundai Trans Kazakhstan планирует увеличить производственные мощности и выпустить 52 тысячи автомобилей. Использование инструмента KazakhExport «Страхование займа» предоставляет предприятию страховую защиту по обязательствам в размере около 25 млрд тенге на пополнение оборотных средств для покупки комплектующих для последующего отечественного производства автомобилей и реализации их на экспорт.

Похожие видео