KIOSH-2022: еңбек қауіпсіздігі мәдениеті халықаралық көрмесі өтті – елорда HD
«Жаңа Қазақстанға – нөлдік жарақатпен». «KIOSH-2022» оныншы халықаралық көрмесіне қатысушылар еңбекті қорғау және өнеркәсіптегі қауіпсіздік саласының соңғы инновациялық жетістіктерін көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24». Шараға Қазақстан мен Ресейдің 30-дан астам компаниясы атсалысты. Ал «АрселорМиттал Теміртау» алғаш рет конференцияның алтын серіктесі ретінде қатысты. Еліміздің ірі металлургиялық алыбы Т.Күзембаев атындағы және өзге шахталарда енгізілген инновациялық технологиялар павильонын ұсынды. «KIOSH-2022» – еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы соңғы жетістіктерді көрсету және тәжірибе алмасуға арналған Қазақстандағы жалғыз диалог алаңы. Биыл 10-шы мерейтойлық көрмеге 35 шетелдік және отандық компания өкілдерін жинады. «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: http://bit.ly/31WnObW Біздің сайт - https://24.kz