Отанға қызмет ету – абыройлы іс HD

28.03.2018
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыртуды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысының негізінде еліміздің барлық өңірлерінде жылына екі рет ер-азаматтарды әскерге шақырту науқаны жүргізіледі. Биыл наурыз және сәуір айлары аралығында жүргізілетін аталған науқан шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің «Айбын» және «Батыр» президенттік полктерінде әскери борышын өтеуге ниетті үміткерлерді іріктеу жұмыстары басталды. Аталған президенттік полктің қатарында ең үздік әскери қызметшілер топтасқан. ҚР Мемлекеттік күзет қызметі ҚР Ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету күштеріне жататын, күзетілетін адамдар мен объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган болғандықтан қызметтің бұл құрылымдарына іріктеу өте қатаң жүргізіледі. Жедел әскери қызметке шақырту науқаны және оған дайындалу үзіліссіз жүргізілетін шара. Шақырту учаскелеріне бекітілген сәттен бастап, әскерге шақырылуына дейінгі мерзімде ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып, әскерге шақыртуға жататын қазақстандықтардың арасында жүйелі түрде тексеру мен зерттеу шараларын жүргізеді. ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің офицерлері облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттерге барып, талап бойынша бойы 180 сантиметрден кем емес әскерге шақырылушының оқу және қызмет орындарынан мінездемелерін, араласу ортасын, бейімділігі мен қызығушылықтарын анықтап, оның психологиялық бет-бейнесімен қатар, медициналық көрсеткіштерін зерделейді. Іріктеу барысында бекітілген ереже-талаптарға сәйкес, ең бастысы, Отанға деген шексіз адалдығымен, шыншылдығымен, оқыс жағдайларда жалғыз әрі нақты шешім қабылдай білу қабілетімен, төзімді әрі зеректігімен ерекшеленген бозбалаларға басымдық беріледі.

Похожие видео

Показать еще