Қостанай облысындағы өрт: қазіргі ахуал қандай? HD

05.09.2022
Қостанай облысында 43 мың гектар жерге жайылған алапат өртті сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Үш тәуліктен бері тілсіз жаумен арпалысып жатқан екі мыңнан астам адамға қызыл жалынды ауыздықтау оңайға соғып жатқан жоқ. Ал сағат сайын өршіген орман өрті бүгін Бағаналы ауылына жақындап, қауіп төндірген соң ондағы 350-ден астам тұрғын Қазанбас ауылына көшірілді. Ал бұған дейін 86 жастағы Аманқарағай ауылының тұрғыны қызыл жалынның арасында қалып қойып, қайтыс болған еді. Жалпы Әулиекөл ауданындағы бірнеше ауылдан жүзге жуық үй жанып кеткен. Әп-сәтте тұтанған орман өрті бір тәуліктің ішінде 10 мың гектар аумаққа жайылып, жағдайды қиындатқан. Желдің екпінімен сағат сайын күшейген алапат өрт бірнеше елдімекенге де тез тараған. Ең қауіпті аймақ Аманқарағай ауылының маңындағы мұнай базасы еді. Онда 12 резервуарға толы 700 тонна жанар-жағармай сақталған. Сондықтан, жан-жаққа жайылып жатқан отты осы нысанға жеткізбес үшін өрт сөндірушілермен бірге мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары да көмекке келген. ДӘУІТЖАН ҚОЖАХМЕТОВ, Аманқарағай мұнай базасының меңгерушісі: – Орманнан басталған өрт жарты күннің ішінде, мұнай базасының аумағына жақындады. Бұл өте қауіпті еді. Өйткені бұл жердегі жанар-жағармай жанса, айналаның түгін қалдырмайтын орасан зор апат болатын еді. Бірақ Аманқарағай ауылы өрттен қатты зардап шекті. Онда жүзге жуық үй жанып кеткен. Бәрін тастап қашқан тұрғындар тек құжаттарды алып үлгердік дейді. Айналасы жарты сағаттың ішінде панасыз қалған азаматтар әбден есеңгіреп қалған. САБИНА БЫЧКОВА, Аманқарағай ауылының тұрғыны: – Только документы успели взять. Не успели бы ничего больше спасти. А так все взяли в кредит. Висит 4 кредита. Стиральная машинка, Кухонный гарнитур, кухонный уголок, две детские комнаты все сгорело. А взяли кредит только неделю назад. Взяли в рассрочку дом, по 20 тыс в месяц отдавали до конца осени полный расчет. Приготовили 6 тыс веников. Занимаемся летом. Продаем. Все сгорело. Қазір екі мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген. Үйлерін тастай қашқан тұрғындардың көбі жергілікті мектепке жайғастырылды. Ал оқу орны баспанасыз қалған адамдардың уақытша панасына айналғандықтан, сабақтар түгелімен онлайн режимге ауыстырылған. Сыныптарда түнеген қарттар түні бойы кірпік қақпағандарын айтады. ФАИНА БАБАЕВА, Аманқарағай ауылының тұрғыны: – Пацан вот этот орал караулом, плакал бешенным голосом, мы тоже плакали и кричали, куда бежали сами не знаем. Но спасли сами себя и детей вот. Сегодня узнали домов нет у нас, у дочки нет и меня нет. ВИКТОР БЕЛЯВСКИЙ, Аманқарағай ауылының тұрғыны: – Вот что при мне вот и все. И ничего, шито крыто. Вот моя палка-вот мое удостоверение, я успел взять, а больше ничего нет. Дала өртінен Аманқарағай ауылынан бөлек Лесное, Озерное, Бағаналы, Калинина елдімекендері де зардап шеккен. Сондай-ақ, алапат орман өртінен уланып, күйік шалған 10 адам ауруханаға түскен. Ал 86 жастағы қарияның мәйіті өз үйіндегі үйінділердің астынан табылған. Ауа райының ысуы мен қатты желдің екпіні, өрт сөндірушілерді

Похожие видео

Показать еще