Жеті жыл бұрын жабылған қоқыс полигонының зардабын жұрт әлі тартып келеді HD

11.06.2021
Кір сумен келген кесел. Ақмола облысында бүтін бір ауыл осыдан жеті жыл бұрын жабылған қоқыс полигонының зардабын әлі тартып келеді. Себебі санитарлық заң талаптары мұнда мүлдем сақталмаған. Полигон жабылса да қаладан шыққан кәріздің лас суы да осында төгіледі дейді тұрғындар. Ескі полигон жеті жыл бұрын жабылса да облыс орталығынан шығарылатын күл-қоқыс әлі күнге мына Элита ауылынан 300 метр жерге төгіледі екен. Онымен қоса тау төбе қоқыс орны жиі өртенеді дейді. ҒАЗИЗХАН АХМЕТЖАНОВ, Элита ауылының тұрғыны: – Масқара мынау. Көк түтін болады. Дем ала алмайсың. Ауыра бастадық уже. Форточканы аша алмайсың. Иісі Элита асып, Красный яр ауылына дейін барады. Көкшетауда аумағы 40 гектар болатын жаңа полигон құрылысының жобасы әзірленген. Алайда, қатты қалдықтарды төгілетін орын әуежайдан 15 шақырым қашықта болу керек деген талап енгізілгенде, жоба іске аспай қалған. БАУЫРЖАН ҒАЙСА, Көкшетау қалаcының әкімі: – Бізде қазір екі полигон бар. Екеуі де істемей жатыр. Қағаздары жоқ. Қазір біз қағаз дайындап жатырмыз. Зеренді ауданында 60 гектар жер алдық. Проект дайындалып жатыр. Проект бар бірақ оның бағасы өте үлкен. Қазір корректировкаға тұрды. Оған өте көп уақыт керек. 3 жыл керек салатын. Өте үлкен мәселе болып жатыр. Қоқыс деген қала бойынша. Қазір ешқандай қағаздар жоқ. Осылайша, бір жапырақ қағаз бүтін бір ауылдың мүмкіген иістен арылуына кедергі екен. Шенділер жаңа полигонды Зеренді ауданында Көкшетау-Петропавл тас жолының бойынан саламыз дейді. Нысан құрылысы 3 жылға созылады. Оған дейін Элита ауылындағы жұрт тұңғышығып қалмаса. Ерболат Серікбай Ермек Махметов Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #полигонның_зардабы #жағымсыз_иіс

Похожие видео

Показать еще